Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал-майор Серік Күдебаев Қазақстаннан қашып кетті деп хабарланды. 3 сәуірдегі сот отырысында судья ол Қырғызстан арқылы Түркияға кеткенін айтып, істі уақытша тоқтатты. Генералға халықаралық іздеу жарияланды.