Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Астанада 22 наурызда полиция ондаған адамды ұстады. Белгісіз топ Азаттық тілшілерінің жұмыс істеуіне кедергі жасап, камераның бетін көлегейлеумен болды.
Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды. Қала атауын өзгертуге байланысты тұрғындар пікірі әртүрлі.
19 наурызда 30 жыл Қазақстанды басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кететінін мәлімдеді. Астаналық тұрғындар пікірі.
Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақыны алуға ниетті отбасылардың қорасындағы малы да табыс ретінде есептелетінін айтты. Бұған аз жалақы алып, мал ұстап отырған отбасылар қалай қарайды?
Астанада көп балалы әйелдер тағы да жиналды. Олар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевпен кездесу үшін министрлікке барды.
Еуропарламент депутаттарының «Қазақстанда адам құқығы бұзылады» деген пікірімен қазақстандық әріптестері келісе ме?
Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алғаш рет қоғамдық қабылдау өткізіп, оған әр өңірден 35 тұрғын келген. Арызданушылардың көбі полиция қызметіне көңілі толмайтынын айтты.
Қазақстанда әлеуметтік желілер бұғаттала ма? Азаттық тілшілері осы сауалды парламент депутаттарына қойды.
"Ұлтаралық араздықты қоздырды" деп күдікке ілінген Серікжан Біләшқа қатысты тергеу Астанада жүреді.
Астанада "Нұр Отан" партиясының съезі өтіп жатқан кезде Қазақстанның бірнеше қаласында полиция билікке наразылық білдірген ондаған адамды ұстап әкеткен. Елдің ішкі істер министрлігі полицияның бұл әрекетіне қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасамады. Ал ұсталғандар не дейді?
Ақпанның 27-күні Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті 18-съезі өтті. 3 жарым сағатқа созылған шара кезінде сөз алған делегаттар президент Нұрсұлтан Назарбаевты мадақтап, мақтады.
Қазақстан президентінің қызы, парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтан жайлы Азаттық тілшісінің сұрағына жауап бермеді.
Астанадағы "Шар құрылыс" компаниясының үлескерлері тұрғын үй құрылысының созылып кеткеніне наразы.
Алматы әкімі Бауыржан Байбектің есеп беру жиынына келген бірнеше белсендіні полиция ұстаған. Әкім есебіне келген тұрғындар ішке кіре алмағанын айтып, шағымданған. Бұл қаншалықты заңды? Азаматтардың конституциялық құқығы тапталып жатқан жоқ па? Депутаттар пікірі.
Көп балалы аналар мәселесі әр жерде талқыланып жатыр. Аналар талабына қатысты мәжіліс депутаттары не дейді?
Астана, Алматы және Шымкент қаласында жұмыс істейтін жастар қолжетімді бағамен пәтер жалдау мүмкіндігіне ие болмақ. Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев жаңа баспана алу бағдарламасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді.
Қазақстанға мониторинг жасауға келген Италияның адам құқығы жөніндегі федерациясының өкілдері Людмила Волошина мен Валерий Явтушенконы 15 ақпанда таңғы әуе рейсімен Астанадан Киевке депортациялады. Украина азаматтары Астана сотының шешімімен елден шығарылды.
Астанадағы "Нұр шашу" балабақшасының қызметкерлері мекемеден балаларға арналған тамақты ұрлайтынын айтқан белсенді баспасөз мәслихатын өткізді. Ал мәселенің мән жайын анықтауға барған Азаттық тілшілерін қарулы күзет қарсы алды.
Азаттық тілшілері сенат депутаттарынан президенттің үкіметті сынауына байланысты сұрап көрді. 30 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев министрлердің жұмысын сынап, "қорқақсыңдар" деп сөккен.
Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты денсаулық министрлігі мәлімдеме жасады. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі қорықшыларға шабуылдаған браконьерлердің қанша киік атқанын айтты.
Тағы