Табысы құнсызданып, тұрмысы қиындағанын айтқан ондаған адам 15 қарашада қаржы нарығын реттеу агенттігіне арыз жазды. Олар кредит төлеу жылдан-жылға қиындап бара жатқанын айтып, борышын жоюды сұрады. Агенттік әр адамның ісін жеке қарап екі аптада жауап бермек, бірақ амнистия болмайтынын бірден айтты.