Финляндия мен Швеция НАТО-ға қосылуға ниет білдірді. Әскери одақ мұны «тарихи оқиға» деп бағалады. Альянсқа мүше мемлекеттер «екі елді қатарға қабылдау процесін жеделдетеміз» деп отыр. Бірақ одаққа мүше Түркияның өз талабы бар. Ал Ресей «бұған көне салмаймыз» деп мәлімдеді.
Желідегі жұрт Жемқорлықпен күрес агенттігі бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде тінту жүргізді деген ақпаратты талқылады.
Алматы облысының орталығы болған Талдықорған қаласы тұрғындарының жаңадан құрылып жатқан Жетісу облысың болашағы және облыстың екіге бөлінуі туралы пікірі.
Желідегі жұрт мәжіліс депутаты Мәди Елубаевтың өмірбаяны мен еңбек жолын талқылап жатыр.
5 қаңтарда Алматы алаңында арқасына ту жамылып, көзге түскен Қанат Таласбаевтың қандай жағдайда қаза тапқаны әлі анықталмаған, күдікті ұсталмаған. Оның артында әйелі мен бес баласы қалды.
Желіде астаналық жігіт 9-қабаттан құлайын деп тұрған қызды қағып алғанын талқылады.
Желіде Назарбаевтың «тарихи рөлін» конституцияға енгізбейтінін талқылады.
Қытайдан Қазақстанға көшіп келген қандастарды құжат мәселесі әлі қинайды. Шыңжаңнан көшіп келдік деген бір топ адам зейнетке шыға алмай жүргенін айтып, шағымданды.
Желіде конституциядағы орыс тілінің мәртебесі жайлы талқылады.
Қазақстанда қызметіне тыйым салынған ҚДТ және "Көше партиясы" қозғалыстарына (Еуропарламент бұл қозғалыстарды "бейбіт оппозициялық ұйым" дейді) байланысты былтыр экстремизм айыбымен 5 жылға сотталған белсенді Асхат Жексебаевтың жазасы жеңілдеп, қамаудан шықты.
1 мамыр күні Алматыда полиция Орталық саябақ маңынан он шақты адамды ұстап әкетті. Қуғындағы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов бүгін жұртты митингіге шығуға үндеген. Ұсталғандар ешқандай талап айтып үлгермеді. Полиция ұстау себебін түсіндірген жоқ.
Желіде Тоқаевтың конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өткізуді ұсынғанын талқылады.
6 қаңтарда баласы оққа ұшқан Алматы тұрғыны қазаның жөнді тергелмей жатқанына қапалы. 18 жастағы Нұрлыбек Тұраровты кім атқанын әлі айтпай отыр деген анасы үкіметтен ұлының құнын сұрайды.
Ресейдің ақпарат және байланыс саласын бақылайтын Роскомнадзор қызметі қазақстандық сайттан Украинадағы соғыс туралы материалды өшіруді талап етті. Newtimes.kz сайты бұл талапты орындаған.
Тіркелмеген "Демократиялық партия" белсенділері кейінгі күндері полиция тарабынан қысым күшейгенін мәлімдеді. Алды сотталып, кейбірін полицияға шақыртып жатыр. Олар мұны 7 мамырға белгіленген наразылықпен байланыстырады.
Өзбек диссиденті, ақын Мұхаммед Салихтың өлеңдер жинағы алғаш рет қазақ тілінде жарық көрді. Оны аударған жас ақын Файзолла Төлтай өнерде елеусіз қалатын протест жанрындағы жырларды қазақ оқырманына жеткізгісі келеді.
Ақтаудан Жамбыл облысына әскери борышын өтеуге кеткен бала үйіне тірі қайтпады. Әлібек Қалбай 22 сәуір күні жұмбақ жағдайда қаза тапты. Туыстары әскери бөлімше "қазаның себебін жасырып отыр" деп наразы. Ашулы жұрт президентке үндеу жолдады.
Желіде мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген Қаңтар көтерілісіне байланысты күдікті ретінде ұсталғанын талқылап жатыр.
Желіде қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов "Өзгелерді ренжітіп алмау үшін көпшілік ортада қазақша сұхбат бермеймін" деп айтқанын талқылады.
"Qantar" қоры қылмыстық істер әділ тергеліп жатқанына күмән келтіріп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Танымал кәсіпкерлер қаржыландаратын қоғамдық қор қаңтар оқиғасынан зардап шеккендерге құқықтық көмек көрсетумен айналысады.
Тағы