"Митинг өтеді" деген күні Алматыда Орталық саябақ аумағында күзет күшейді, ондаған полицей мен автозак аумақты бақылады. Саябақ аумағында он шақты адам ұсталды. Осыған дейін шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов жақтастарын митингіге шақырған. ҰҚШҰ мен Еуразиялық экономикалық одақтан шығу, жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны екі есе өсіру, кредитті кешіру талаптарын көтеруді, Ресеймен соғыста Украинаны қолдауды ұсынған.