Алматыда шамамен 3 мыңдай адам Украинаны қолдап, Ресейдің әскери агрессиясын айыптайтын митингке жиналды. Жұрт "соғысқа жол жоқ", "Путин, кет", "Тоқаев, үнсіз қалма" деп ұрандатты. Шараға Алматы әкімдігі рұқсат берген. Алайда акция белгіленген уақыттан асып, 2 жарым сағатқа созылды.