Қаңтар оқиғасынан кейін прокуратура 2044 қылмыстық іс қозғаған, 802 адам қамауда отыр. Қылмыстық істердің дені "адам өлтіру", "жаппай тәртіпсіздік", "бұзақылық" және "тонау" баптары. Ең ауыры – "терроризм" бабы. Құқық қорғаушы дерегінше, осындай айыппен қазір ҰҚК абақтысында кемі 45 адам отыр.