Астана тұрғыны Танаш Бегімова теңге құнсызданған күні халықтың жағдайын білмек болып, базар аралаған әкім-қараларға «дат, тақсыр» деп, сұрақ қойғаны үшін жұмыс орнынан айрылды. Ал Танаш Бегімова жұмыс істейтін «Артем» базарының басшылығы барлық кінә өзінде, айқайшыл деп оның өзін кінәлайды.