Ақтөбелік тубдиспансер басшысы туберкулезге шалдыққан студенттердің көпшілігі жатақханасы жоқ колледждерде оқитынын айтады.
Ақтөбелік журналист Игорь Кимнің өліміне қатысты айыпталған Мирболат Сұлтанов бүгін 5 жыл 3 айға сотталды. Екі тарап та негізгі күдіктілер жауапқа тартылмады деп санайды.
Ақтөбеде қазақы тазы өсірушілердің кинологиялық клубы құрылды. Клуб жетекшісі аймақтағы қаны таза осы тұқымдас иттерді есепке алып, әрқайсына жеке-жеке құжат жасатпақшы.
Туыстары Ақтөбеде 23 қараша күні қамалған 70 адамның көбі дін жолын ұстайтынын айтады. Полиция өкілі бұл оқиғаны бұзақылықпен байланыстырады.
«Сириядағы қазақтар» жайлы хабардан кейін ҚМДБ «өзге бағытта жүргендерді Ханафи мазхабына оралтқандарын» айта бастады. Бірақ кей тұрғындар мұндай істі «дін бостандығын шектеу» дейді.
Ақтөбенің Темір ауданынан «Сирияға кетті» делінген адамдардың алтауының аты-жөні белгілі болды. Туыстары олардың да «Египетте дін оқып жатқанын» айтады.
Ақтөбелік БАҚ «Сирияда соғысып жүр» деп сипаттаған адамдардың туыстары «балаларымыз Египетте діни білім алып жатыр» дейді. Билік өкілі оларды Қазақстанда дін оқуға шақырды.
Ақтөбедегі түрме жанында бірнеше күн бойы жиналып, наразылық танытқан адамдарға әкімшілік шара қолданылды. Олар «полицияға бағынбады» деп айыпталды.
КА-168/2 түрмесінде жазасын өтеушілердің туыстары «абақтыдағыларды сабап жатыр» деп, қарашаның 8-інен бері сол маңда жүр. Ал департамент бұл хабарды «арандату» деп атайды.
Ақтөбеде троллейбустардың көрінбей кеткеніне бірнеше ай болды. «Табысынан гөрі шығыны көп көлікті» қала әкімдігі автобуспен алмастырмақ.
Ресми есеп бойынша Қазақстандағы жұмыссыз әйелдердің үштен бірі ауылда тұрады. Олардың көпшілігі қалада заңсыз сауда-саттық жасап күнелтеді.
Ақтөбе облысындағы Шілікті ауылының тұрғыны қыс түсе қымбаттайтын көмірге деген тәуелділіктен құтылудың жолын тапқанын айтады. Мұнай-газ қорына бай облыстың тек 20 пайызы газбен қамтылған.
«Россия 1» телеарнасы көрсеткен репортажда «ресейліктерге аттестат сатады» деп сипатталған ақтөбелік жеке меншік мектепті прокуратура тексере бастады. Мұғалімдер айыпты жоққа шығарады.
Ауаның ластануы туралы синоптиктер хабарламасын алған қала халқы экологиялық ахуалға қатысты алаңдайды. Төтенше жағдай департаменті халықты құлақтандыру туралы қаулыны орындағанын айтады.
Ақтөбедегі эстрадалық-миниатюра театры үкімет шешімімен драма театрына труппа етіп қосылмақшы. Ал театр мен Қазақстанның эстрада әртістері одағы мұны «өнерге жасалған қиянат» деп санайды.
Ақтөбе полициясы онлайн-конференция өткізіп, зорлық-зомбылық көрген әйелдерге кеңес беріп жатыр. Облыста соңғы үш айда әйелдер шағымы бойынша үш мыңнан астам ақтөбелік жауапқа тартылған.