Қорғаныс министрі Ираклий Аласанияны қызметінен алған күннің ертеңінде оның туысы әрі сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе де отставкаға кетті. Бірақ бұл дағдарысқа туыстықтың қатысы жоқ.
Армения парламенті ЕАЭО келісімін талқыламақ. Бірақ оған Қарабақ дауы бөгет болатын сияқты. Қазақстан президенті Назарбаев Қарабаққа қатысты екі мәлімдеме жасап, армян саясаткерлерінің сынына қалды.
Беларусь президентінің «Псков, Брянск және Смоленск кезінде белорус жері болған» деген әзілінен кейін интернетте «Брянск пен Смоленск қай елдің жері?» деген сауалнама пайда болды.
Рахат Әлиев Австрияда абақтыда отыр. Әлі ресми айып тағылмады. Ол енді қамауға қатысты шағымданбақ. Статусы белгісіз саяси эмигрантқа қолданылған бұлтартпау шарасына қатысты шешімді Вена соты қарашаның 12-сі күні шығармақ.
Оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовті экстрадициялау мәселесі Ресей өтініші бойынша өтетін бүгінгі сотта шешілуі мүмкін. Ал Мәскеуде «Әблязов ісіне қатысы бар» орыс ұлтшылы ұсталды.
Ресейдің Қырғызстандағы елшісі Андрей Крутько Бішкектегі Putin Pub барының атын өзгерттіргісі келеді. Ресей президенті Владимир Путиннің есімі Қырғызстанның картасында да тұр.
Суретші Сәуле Сүлейменова «Целлофан суреттер» деген жаңа топтама әзірлеп жатыр. Жаңаөзен оқиғасы туралы картинасын таныстырмақ. Ол картина көшірмесін Азаттық сайтына жариялауға рұқсат етті.
Қазақстанның бұрынғы топ-шенеунігі, қазір Швейцарияда тұратын саяси эмигрант Виктор Храпунов Азаттыққа берген сұқбатында баласының Швейцариядағы бизнесі жайлы да айтты.
Ресей президенті Путиннің «қазақ мемлекеті болмағанын» айтқан сөзінен кейін ресейлік БАҚ Қазақстан президенті Назарбаевтың «Еуразиялық одақтан шығатынын айтып қорқытқанын» жаза бастады.
Ұлыбританияның экс-премьері Қазақстан президентіне Жаңаөзен оқиғасынан кейін беделін қалай жақсартуға болатыны жөнінде кеңес берген. HRW Блэрді «автократпен ынтымақтасты» деп айыптайды.
Жемқорлық айыбы тағылған бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраевтің ісі сотқа жетті. Министр Асылжан Мамытбеков «егер оның айыбы дәлелденсе, отставкаға кететінін» айтқан.
Қырғызстанда «қылмыстық топтармен байланыстары бар» деп айыпталған депутаттар тізімі жарияланды. Депуттардың кейбірі ондай топтарға қатысы жоғын айтып, бұл ақпараттан саяси астар іздейді.
Елінен 2005 жылы кетіп қалған Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке ағасын жерлеуге келмеді. Ол орнына баласы Ілім Ақаевты жіберді.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өз құрметіне тұңғыш ескерткіш орнатуға рұқсатын берді.
Ресей мен Қазақстан баспасөзі Санкт-Петербург қаласында «Қазақстанның өмірлік елшісінің» ақшасы ұрланғаны туралы жаңалық тараты. Ал іс жүзінде бәрі басқаша болып шықты.
Өзбек фермері әрі құқық қорғаушы Әлиқұл Саримсоков психиатриялық ауруханада жатып шықты. Мұнан соң ол үй қамағынан қашып кеткен. Фермер Өзбекстан премьері Шавхат Мирзиёевті сотқа берген еді.
Еуропадағы адам құқығы жөніндегі сот қырым татарлары жетекшісі Мұстафа Жемилевтің ұлы Хайсер Жемилевті босатуды талап еткенмен, оны әлі Қырымда тұтқында ұстап отыр.
Қазақстан үкіметі бұрынғы шенеунік Виктор Храпуновтың ұлы әрі оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың күйеу баласы Ілияс Храпуновқа Интерпол арқылы іздеу жариялады.
Өзбек президенті қызының жақын жолдастары Рустам Мадумаров пен Гаяне Авакян 10 және 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда амнистия бойынша екеуінің де мерзімдерінің үштен бірі қысқартылған.
Гүлнара Каримова жазды деген «хат» өзбек президенті Ислам Каримов отбасындағы жіктің тереңдегенін білдіріп, бұл елдегі режим ерекшелігін ашып беретіндей. «Хат» Каримованың туған күнінде жарияланды.
Тағы