Қазір Ресей үкіметі тарихты қайта жазып жатыр. Әсіресе совет одағының ең бір көлеңкелі саясатын бүркегісі келеді. Музейлерді жабады, мектеп оқулығын өзгертеді және БАҚ бетінде ашық пікірталас ұйымдастыруға тыйым салады. Бірақ советтің қуғын-сүргінін көргендер әлі тірі әрі олардың келешекке айтар өз шындығы бар.
Жоба авторы - бұрмаланған ақпаратты тексеретін, авторитарлық технология мен жалған ғылымға қарсы тұратын тәуелсіз Coda Story басылымы. Олар процесті бақылайды, мәнін, өзара байланысын анықтап, біздің өмірімізге әсерін түсіндіреді.