Оған қазіргі уақытта дүниежүзінің барлық діндері мен конфессиялардың өкілдері қатысуға ықылас білдіріп отыр деп хабарлайды Азаттық радиосына Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.
Съезге Еуропа мен Азия, Таяу Шығыс пен Америкадан және басқа да жерлерден барлығы 24 делегация келмекші екен. Басты мақсат қазіргі кезде Әлемде белең алып бара жатқан дінаралық қақтығыстарға тосқауыл боларлық өзара келісімге қол жеткізу дейді ақпарат көзінің баянында.
«Соңғы кезде батыста терроршылдық пен бүлікшілікті исламға телитіндер, дінді саясат шоқпарына айналдырғысы келетіндер көбейіп кетті. Оның мүлдем қате пікір екенін, керісінше исламның бейбітшілікті сүйетінін осылай дәлелдейміз. Дәл осы тұста біздің елде мұндай жиынның өтуі үлкен абырой дейді Астана қаласы орталық мешіті Бас имамының көмекшісі Мұхит Көпжасарұлы Ресми деректерге көз жүгіртсек Қазақстанда 1534 мешіт, 230 православияндық ұйымдар мен 8 монастыр жұмыс істейді екен. Сонымен қоса 38 католиктер приходы мен 70 лютерандық және 34 «Иегово куәгерлері» атты діни ұжымдар шоғырланған. Съездің жұмысын дүниежүзіне таратуға ықылас танытып отырған ақпарат құралды да көп көрнеді. Астана қаласындағы Инитерконтиненталь қонақ үйінде 180 орындық баспасөз орталығы болады. Мемлекеттік телеарналар съез кезінде тікелей әуе толқынында жұмыс істейді.