Accessibility links

Өндірістік қалдықтардың 1 пайызы ғана өңделеді


Қарашаның 21-і күні өндірістік қалдықтарды өңдеу және жою мәселесіне арналған парламенттік тыңдау өтті.

Қазақстандағы өндіріс қалдықтары жыл сайын 1 миллиард тоннаға көбейіп отырады. Алайда, олардың 1 пайызы ғана өңделеді екен. Жалпы елде осындай 22 миллиард тонна өндірістік қалдық бар.

Парламент Мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, өндірістік қалдықтарды өңдеу мәселесі көп жылдардан бері тиісті шешімін таппай келеді.

Мәжіліс спикері, «шет елдік және отандық инвесторлар жер қойнауындағы барлық байлықты алып, қалған қалдықтарды далаға шашып төгіп жатыр» дейді.Сондықтанда ол өндірістік қалдықтарды кешенді өңдеуге бағытталған тиісті заңдар керек, ал, ол заңдарды бұзған адамдарға қатаң материалдық жаза қолданылуы қажет деп есептейді.

Қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақованың айтуынша, ешбір салада қалдықтар жөнінде толық тексеру жасалынбаған. Радиактиівтік қалдықтар бойынша ғана кадастр жасалған.

Токсикалық қалдықтардың өсуі байқалған. Соңғы төрт жылда олардың әр жыл сайын көбеюі 92-150 миллион тоннаны құраған. Министрдің айтуынша, үлкен көлемде күкірт қышқылының жиналуы жаңа проблеманы туғызып отыр. Теңіз кен орнында ғана 7 миллион тоннадан аса күкірт жиналған. Ал, күкірттің қоршаған ортаға залалын бағалау әлі жасалмаған.

Бүгінгі күні ғана күкіртті өңдеп, шетелге сату ісі қолға алына бастаған.

Ал, Мәжіліс депутаты Мырзагелді Кемел, Қазақтандағы экологиялық проблеманы екіге бөледі. Оның бірі ғаламдық, екіншісі ішкі проблемалар.

«Сол проблемалардың бірі -Алматы қаласының ауасының ластануы. Ондағы ауаның ластануының 91 пайызы автокөліктерден шыққан түтіндерден. Кілең ескі мәшинелер. Шетелден арзан бағаға ескі мәшинелерді әкелуде. Оны ешкім бақылап жатқан жоқ.

Өскемен қаласында 41 түрлі зауыттар бар. Олардың шығарып жатқан қалдықтарынан ол қалада тұру тіпті мүмкін емес. Тараз қаласының жанында 70 гектар жерде тұрмыстық қалдықтар шашылып жатыр. Жақсылап жинаса 7 гектар жерді де алмайды.

«Ертіс» өзненінде судың ластану проблемасы бар. «Нұра» өзенінде судың сынаппен ластану мәселесі бар. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында жердің мұнайдың шашылуынан жергілікті проблемалар өте көп. Мысалы, Каспийде неге бір жылы ит балық, бір жылы құстар өледі. Осы эколгияның нашарлығының кесірі.»
XS
SM
MD
LG