Ресми мәліметтерге жүгінсек, «Сайлау туралы» заң жобаны Қазақстан парламентінің депутаттары 26-ші қаңтар күні талқылайды. Заң жоба талқыланбас бұрын, Қазақстанның «Ақ жол» партиясы заң шығарушы орган өкілдеріне арнайы үндеу жариялап отыр. «Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағаларының бірі Әлейхан Бәйменовтың айтуынша, бұл заң жобаның маңызы зор.
Әлейхан Бәйменов, «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі: - Қазақстан парламентінде қаралып жатқан заңның жалғыз мәжіліс сайлауына ғана емес, жалпы кезкелген саяси науқанға әсері бар. Сол себептен бұл заңның маңызы зор.
30-ші желтоқсан күні жариялаған үндеу арқылы біз депутаттардың шешімі өте жауапты іс екенін ескерткіміз келді,- деді «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі Алтынбек Сәрсенбаев.
Алтынбек Сәрсенбаев, «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі: - Бұл біздің кезекті үндеуіміз емес,бұл тақырыпқа қатысты біз жүйелі түрде қоғамдық пікір қалыптастыратын, қоғамның алаңдаушылығын білдіретін бірнеше саяси шаралар ұйымдастырдық. Естеріңізде болса, біздің «Ақ жол» партиясы, Коммунистік, Патриоттар, Руханият, Ауыл партиялары «Жаңа заң, жаңа сайлау комиссиясы, әділ сайлау» атты жалпы ұлттық шара өткіздік. Бігін жариялаған үндеу арқылы біз заңды қабылдайтын депутаттар саяси жауапкершілігін сезіне отырып, еліміздің тағдырына үлкен жауапкершілікпен қарап, дауыс берсе дегенді айтқымызы келді.
Бұл орайда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Бәлиева келер жылы өтетін сайлау әділетті болатынына сенімді.
Зағипа Бәлиева, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрайымы: - Менің ойымша әділетті өтеді. Ең бастысы сайлау науқынына қатысатын азаматтар, саяси партиялар барлығын заңға сай өткізу керек, заңды орындау керек. Ал «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі Алтынбек Сәрсенбаев мәжіліс сайлауы әділетті өту үшін Қазақстанға жаңа заң керек деген ойда.
Алтынбек Сәрсенбаев, «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі: - Енді Зағипа Бәлиева сайлауды әділетсіз өткіземіз, деп айта алмайды.Әрине, Зағипа Бәлиева барлығы әділетті болады дегенді айтады. Бірақ сайлау әділетті өту үшін жаңа заң керек.
Қалай болғанымен, сайлау таралы заң жобаның тағдыры 26-ші қантар күні белгілі болмақ.