Accessibility links

Ирақ халқы алдында қандай жаңа проблема тұр?


Ирақтың көп тұрғыны іскерлікпен шұғылдану үшін, білім алу немесе демалу мақсатында саяхатқа шығуды аңсайды. Саддам Хусеиннің тұсында билік шегу шетелдерге шығуға шектеу қойды. Ал қазір ондай шектеу жойылса да, шетелге сапарға шығуды жоспарлаған Ирақ азаматтары басқа өзекті проблемаға тап болуда. Ол проблема жайында “Азаттық” Радиосының тілшісі Сергей Донилочкин былай деп хабарлайды.

Мұстафа Бағдад түбіндегі байлар тұратын Мансұр ауданындағы кілем дүкенінде еңбек етеді. Ирақтың көпшілік жұртына қарағанда, Мұстафаның, осыдан бірнеше апта бұрын оның өзі жоспарлағанындай, шетелге сапарға баруға шамасы бар:

M.: - Мен Иорданияны немесе тағы басқа елге барғым келді, 2-3 апта болып, елге ораламын. Сіз білесіз бе, демалысқа. Англияда менің кейбір туыстарым бар. Олар Иорданиядағы британ елшілігіне маған шақыру жіберді.

Диктатураның құлауына дейін, Ирақ тұрғындары шетелге шығуға ресми рұқсат алу үшін орасан ақша төлеуге міндетті болатын. Олар, сонымен бірге, шетелдік паспорт алудан басталатын қауіпсіздік шараларының әуре-сарсаңынан өтуге тиісті еді. Ал бүгін, өкінішке орай, шетелге сапарға барғысы келген Ирақ азаматтарының қолында шақырулары болу керек. Шетелге шығуға қауқары бар азаматтардың қолдарында тиесілі жеке құжаттары болуы шарт. Саддамның дәуіріндегі паспорттар әлі де жарай береді, бірақ қымбаттықтың салдарынан ол паспортпен сыртқа шыққан Ирақ тұрғындары некен-саяқ. Ирақтың АҚШ бастаған уақытша билігі паспорт шығармайды, “саяхатқа шығудың уақытша құжаты” немесе Ай-Ти-Ди деген құжат береді. Алайда қатаң талаптар мен ұзақ кезек күтудің салдарынан Ай-Ти-Ди алудың өзі проблема. Ай-Ти-Ди-ді алған адамдардар үшін, Ирақты тастап кетудің ең әйгілі жолы – Иорданиямен арадағы шекарада жаңа проблема туындайды. Бұл нақ Мұстафа душар болған мәселе:

M.: - “Менің де паспортым жоқ. Оның орнына саяхат құжаты бар. Мен онымен рұқсат алуға бардым. Одан соң Иорданияға бармақ болдым. Шекарада олар мені Иорданияға кіргізбеді. Олар маған оның себебін де түсіндірмеді: - Сізге кіруге болмайды! -деді. Сіз білесіз бе, менің ол жақтан оралғаным осы!?

Сіз білесіз бе, мен сонда аң-таң болдым. Бірақ мен не істей аламын? Ирақ азаматтарынан Иордания ресми түрде виза талап етпейді. Бірақ көп жайттар бойынша, Ирақ тұрғындары шекарада қауіпсіздік шараларына душар болып, көпшілігі қолдарында тиесілі құжаттарының болуына қарамастан кейін қайтарылған.

Мен жалғыз болмадым. Олар мені және 20-30 адамды шағын фургонға отырғызып, шекарадан алып кетті. Олардың айтуы бойынша, бізге кіруге рұқсат берілмеді, бірақ біздің саяхат құжаттарымызға “Кіруге болмайды” деген белгі соқпады.

Иорданияға өтуге кейбір көлік иелеріне де болмады. Неліктен екенін мен білмеймін. Нәтижесінде біз сол көліктермен Бағдадқа оралдық”.

Мұстафа қайтар жолға шамамен 25 доллар төлеген. Бірақ оны әглі шығын немесе жолда “тоналам” деген ой мазалаған жоқ, Оның айтуынша, жалғыз намысы қорлық көрген. Әйтсе де ол Англиядағы туыстарына барамын-ау деп үміттенеді. Бірақ, келесі жолы, дейді Мұстафа, сапарға “саяхат құжаты” немесе Ай-Ти-Ди құжатымен емес, дұрыс адамның дұрыс паспортымен шығамын деп сенеді. Ал паспортты билік 1-інші шілдеде Ирақ халқының қолына берілгенде ғана алу мүмкін болады.

Димья Хаддад – Бағдадтағы Иордания елшілігінің қызметкері. Оның айтуынша, Иорданияға сапарға баруды Ирақ тұрғындарының көбі қалайды. Алайда, кейбіреулер, мысалға Мұстафа сияқтылар, үшінші елдердің визасын алу мақсатында ғана Аммандағы елшіліктерге жетуді көздейді. Өйткені, Бағдадта көп елдердің елшіліктері әлі ашыла қойңған жоқ.

Д.Хаддадтың мәлімдеуінше, Ирақтан өзінің елі – Иорданияға жету оп-оңай.

Д.Х.: “Ирақ тұрғындарын Иорданияға визасыз жібереді. Айталық, коммерцияның кез-келген түрімен шұғылдануға Иорданияға бара алады, емделуге, демалуға немесе басқа елдің елшілігінен виза алуы үшін баратындар үшін де жол ашық. Оларға тек “саяхат құжаты” ғана қажет, Коалицияның Уақытша үкіметі берген ол құжат, әлбетте, жарайды”.

Хаддадтың айтуынша, қолдан жасалған жалған паспорттар жиі ұшырасады. Ал Мұстафа “саяхат құжатын” жасайтын астыртын бизнестің барлығын мойындайды.: М.: "Қолдан жасалған құжаттың шамамен 200 доллар тұратынын біз естідік”.

Дана Базова - Коалицияның Уақтыша үкіметінің құзырындағы Чехия сыртқы істер министлігінің өкілі болып жұмыс істеді және Ирақ тұрғындарынның шетелде оқуына көмек берді.

Д.Б.: Ең басты проблема - бүкіл әлем таныған құжаттар болды. Өйткені студенттердің көбінде ескі режимнің паспорттары болған жоқ. Ай-ти-Ди құжатының негізгі пролемасы – оны көп ел әлі мойындаған жоқ. Демек Ирақ халқының көбі үшін жол жабық. Әрине оларға да виза қажет. Көптеген елдің Ирақ азаматтарына виза беруге дайындығын немесе олар үшін виза тәртібін жоюын Сіз елестете аласыз ба? Мен өз тәжірибеме сүйеніп мынаны айта аламын: Чех Республикасына оқу баратын Ирақ студенттері – Чехия әлгі “саяхат құжатын” мойындағанша, Ирақта біраз тосуға мәжбүр болды. АҚШ, Ұлы Британия және Чехия – Ай-Ти-Ди-ді заңды “саяхат құжат” деп мойындайды.

Д.Базованың айтуынша, “саяхат құжаты” шетелге баратын Ирақ азаматтарының мәселесін негізінен шешті. Бірақ нағыз да толық шешім – Ирақ үкіметі нағыз паспорт шығара бастағанда және Ирақ азаматтарынан виза талап еткен елдер консулдық қызметтерін Бағдадқа ашқанда ғана болады.
XS
SM
MD
LG