Америка Құрама Штаттары Таяу Шығыс аймағындағы жанжалды басудың және ол аймақ елдерін реформалау жөніндегі өзі дайындаған “Үлкен бастама” – оны қолдайтын Таяу Шығыс елдері үшін тиімді деп санайды. Президет Д.Буш өнеркәсібі дамыған 8 елдің алдағы маусым айында АҚШ-та өтетін жоғарғы деңгейдегі бас қосуына мұсылман елдерінің көбін шақырғысы келді. “Үлкен сегіздікке” АҚШ-тың өзі, Ресей, Еуропа Одағының жетекші елдері және Жапония кіреді. Ақ үйдің хабарлауынша, “Үлкен сегіздіктің” бас қосуында Дж.Буш өз ішінде реформалар жүргізуге дайын мұсылман елдеріне көмек беру туралы нақты ұсыныстар айтылады деп үміттенеді.
Жоғарғы деңгейдегі жиын АҚШ-тың Джорджия штатында 9 маусымда өтеді. Оның барысында Таяу Шығыс елдеріндегі саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды қаржылай қолдау мәселесі талданбақшы. Осы кездесуге АҚШ шақырған мұсылман елдерініңқатарында Ауғанстан, Алжир, Бахрейн, Иордания және Йемен араб елдері бар. Таяу Шығыстың басқа қандай елдері шақырылғаны беймәлім. Расталмаған бір ақпарға қарағанда, Сауд Арабиясы, Марокко, Тунис және Қатар елдері де бар сияқты. Мысыр президенті Хосни Мүбәрәк АҚШ-тағы бас қосуға бармайды. Оны Мысырдың сыртқы істер министрі Ахмад Маһир теледидар арқылы хабарлады.
Ресми Вашингтон Таяу Шығыс аймағын реформалау жөніндегі өз бастамасын алғаш рет жариялағанында, араб елдерінің басым көпшілігі: “демократия сырттан күштеп орнатылмайды, демократиялық бастамалар мен процестер ішкі қажеттіліктен шығу керек” деген уәж айтып, ол бастамаға қарсы шықты. Лондондағы Патшалық Бірлескен Зерттеу Институтының Таяу Шығыс бойынша сарапшы-маманы Дэниел Нип өзінің бастамасын Таяу Шығыс елдеріне қабылдату үшін Дж.Бушқа көп күш-жігер керек болады деп санайды.
Дж.Буш: “Дж.Буш Таяу Шығысқа қатысты өзінің “Үлкен бастамасын” тағы күн тәртібіне қойып көрмек. Әлемдік баспасөз құралдарында “Үлкен Таяу Шығыс бастамасы” – Таяу Шығыстағы ең нашар бастамаға айналуы мүмкін деген пікірлер айтылды. Өйткені, Таяу Шығыс бастамасы - Дж.Буштың оны “бостандық үшін алдыңғы қатарлы стратегия” ретінде сипаттаған қараша айындағы сөзінен туған үлкен үмітті ақтай алмайтын сияқты”.
Араб елдері Вашингтоннан ең алдымен Палестина-Израиль жанжалын басуды талап етіп отыр. Өйткені, араб елдері үшін нақ осы проблеманың шешілуі бүкіл Таяу Шығыс аймағындағы ахуалдың кілті болып табылады. Мысалға, Араб елдері Лигасының бас хатшысы Әмі Мұса атап көрсеткендей,, өткен жексенбіде аталмыш Лигаға мүше елдер басшыларының Тунистегі бас қосуында қабылдаған Қарарында осы мәселе нақты көрініс тапты.
Ә.Мұса: “Біз, араб елдерінің басшылары, Таяу Шығыс жанжалын үйлестіруге келгенде барлық жақты халықаралық заңдардың нормалары мен БҰҰ-ының Қарарларын бұлжытпай орындау қажеттігін ерекше атап көрсетеміз. Араб елдерінің жоғарғы деңгейдегі бас қосуы мен халықаралық қоғам мақұлдаған “Жол картасына” сәйкес, Палестина-Израиль жанжалын шешуге осы нормалар мен Қарарлар негіз болуға тиіс”.
Вашингтонның Таяу Шығыстағы реформалар туралы бастамасы, дегенмен де, осы аймақтағы елдердің ішінде реформалар жүргізуге түрткі болған сыңай байқалады. Оған мысал ретінде, араб елдері басшыларының өткен Тунисте жексенбідегі саммитінде қабылдаған “Тунис Декларациясын” айтса да болады. Ол Декларацияда Араб елдері Лигасына мүше мемлекеттер елдегі демократиялық реформаларды тереңдетуге міндеттеме алды. Бірақ соған қарамастан, Таяу Шығыс бойынша сарапшы маман Дэниел Нип ол құжатқа сәйкес, араб елдерінде айтарлықтай оң өзгерістер бола қояды деп үміттенуге ертерек деп ескертеді. Оның айтуынша, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдері көп жыл бойы ЕуроОдақ тарапынан демократияландыру процесіне тартылған болатын.
ЕуроОдақтың “Барселона процесі” бойынша, аталған аймақтағы елдермен сауда-саттық жүргізу арқылы ЕурОдақ ол елдердегі адам құқықтарын сыйлау мен демократиялық үрдістерді ынталандырмақ болып әрекеттеніп көрді. Алайда, деп атап көрсетті Д.Нип, ол әрекеттен күткендегідей нәтиже болмады. Оның пікірінше, Араб елдерінің Тунисте қабылдаған экономикалық бастамасының да сондай “нәтиже” бермесіне кепілдік жоқ.