Совет Одағының ыдырағанына 10 жылдан асты, бірақ әлі де Орта Азия халықтары бостандық пен демократия құндылықтарына қол жеткізу жолында тегеурінді азаматтық қоғам орнатуға жан салып жатыр. Ортаазиялықтардың көп көздегені саяси процестердің салдарынан тоқырап тоқтап қалды. Демократияға арқалатқан алғашқы үміт сезімі 1991 жылдан бері өшті. Әйтсе де, Брюссельде құрылған Халықаралық дағдарыс тобының Ош қаласында орналасқан Ортаазиялық жобасының директоры Дэвид Льюистің пікірінше, үкіметтік емес ұйымдар сол үмітті қайта оятуға көп әрекет етуде. Оның атап көрсетуінше, Орта Азияның үкіметтік емес ұйымдары негізінен бұқара халықтың әлеуметтік және саяси белсенділігін арттыруды көздейді.
Д.ЛЬЮИС: “Сіз Орта Азияда авторитаризмге жақын саяси жүйелерді ұшыратасыз. Ал үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғам орнатуға және қоғамдық пікірталасты қалыптастыруға атсалысып жатыр, сондай-ақ – мемлекеттік ұйымдарға рұқсат етілмейтін жобаларды жүзеге асырып келеді. Міне осылайша олар шынында да өте маңызды рөл атқарады”.
Үкіметтік емес ұйым – қоғамда орны болатын проблемаларды анықтап, оларды мәселе етіп көтеретін, коммерциялық мақсатты көздемейтін, өз алдына дербес те тәуелсіз құрылым. Оның міндеті – қоршаған ортаны қорғау мен СПИД дертіне қарсы күрестен бастап, азаматтық қоғам орнату мәселелерін қамтиды. Орта Азиядағы үкіметтік емес ұйымдардың негізгі демеушісі болып табылатын АҚШ-тың ЮСАИД немесе Халықаралық даму Агентігінің Ортаазиялық миссиясының басшысы Джордж Дикан үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жайында былай дейді: “Үкіметтік емес ұйымдар халықты мемлекеттік қаржы-қаражаттың қалай жұмсалып, қалай игеріліп жатқанын қадағалауға үйретеді. Үкіметтік емес құрылымдар, сондай-ақ, үкіметтен өзінің әрбір қадамы мен шешімі үшін қоғам алдында жауапты болуын талап етуге көмектеседі”.
Еркінбек ҚАЗЫБЕКОВ – АҚШ-та құрылған халықаралық үкіметтік емес ұйымның Қырғызстандағы бөлімінің жетекшісі. Оның мәлімдеуінше, үкіметтік емес құрылымдар үкіметті жауапқа шақырып, олардың іс-қимылын қадағалайды. Олар, сондай-ақ, ақпараттарды талдау мен сараптап, таратуды қамтамасыз етіп, саяси белсенділікке жетелейді. Е.ҚАЗЫБЕКОВ: Қырғызстанда үкіметтік емес ұйымдар соңғы 10 жылда қарқынды дамыды және міне аса күрделі мәселелерді шешуге атсалысқан алдыңғы қатарлы сондай құрылымдарды көріп отырмыз. Мысалға, әйелдердің кейбір үкіметтік емес ұйымдары әйел құқын бұзу сынды құбылыстармен кәсіби деңгейде күресуде. Және де олар біздің еліміз үшін ерекше мәселе болып табылатын осы проблемаға қатысты бірқатар заң жобасын дайындады”.
Орта Азияға қарағанда, Ауғанстандағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі өзгешелеу. Ұлы Британияның Даму агенттігі – Христиандық көмек ұйымының Ауғанстан, Орта Азия және Шығыс Еуропа елдеріндегі менеджері Робин Гринвуд ауған еліндегі үкіметтік емес ұйымдардың ерекшелігі туралы былай дейді:
Р.ГРИНВУД: "Ауғанстанда орталық билік әлсіз. Оның есесіне жергілікті аймақ-өлкелерде қуатты азаматтық қауымдастық бар. Орта Азияда советтік дәуірде жергілікті азаматтық қоғам өте әлсіз дамыды. Совет Одағының ыдырауымен мемлекеттік құрылымдар да тарай бастады, сонымен қатар – советтік жүйенің орталықтандырылған дүние-мүлкі де ыдырады. Міне сол босаған кеңістікті қысқа мерзім ішінде толтыру үшін азаматтық қоғамның тез арада дамуы қажет болды. Бірақ бұл Ауғанстанда тұтас азаматтық қоғам құру бағытында еш әрекет жасалмай жатыр деген сөз емес”.
Ауғанстандағы жұмыстардың басым бөлігі елге гуманиарлық көмек беруге ысырап болуда. Үкіметтік емес ұйымдар 20 жылға созылған азаматтық соғыстың, жер сілкінісі мен құрғақшылық сынды апаттардың салдарымен күреспен әуре-сарсаңға түсуде. Христиандық көмек Ауғанстанның батысындағы халықты жергілікті және ұлттық деңгейдегі мемлекеттік билікке араласуға үйретумен шұғылданатын үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс атқаруда.
Басқа бір топ - штаб-пәтері АҚШ пен Шотландияда орналасқан “Қайырымдылық корпусының” Азиядағы бағдарламасының өкілі Пиритта Рикконен ханымның айтуынша, Кабул халқы мектептерді қалпына келтіру немесе емханаларды тұрғызу сынды іске асырылып жатқан жобаларды ыстық ықыласпен қабылдап жатыр. Ал Орта Азияның ресми биліктері үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігіне салқын қабақ танытуда.