Accessibility links

Терроризмге қарсы күрес – ЫШҰ елдерінің басты проблемасы


Бейсенбі күні Қырғызстан астанасында “Ынтымақтастықтың Шанхай Ұйымына” мүше мемлекеттердің үкімет басшылары Кеңесінің кезекті отырысы болды. Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның премьер-министрлері Бішкекте аймақағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту жоспарын талдап, Ұйым шеңберіндегі экономикалық шартқа қол қойды.

“Ынтымақтастықтың Шанхай Ұйымы” терроризм мен исламдық экстремизмге қарсы бірлесіп күресу мақсатында 1996 жылы құрылған болатын, ал енді аймақтың экономикалық дамуына қатысты басқа да басым бағыттарды басшылыққа алып отыр.

CONTENT: “Ынтымақтастықтың Шанхай Ұйымына” мүше мемлекеттер бейсенбі күні Қырғызстан астанасында сауда-саттық, ғылым мен техника және гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастық туралы және терроризмге қарсы бірлесіп күресу туралы шартқа қол қойды. Ресейдің премьер-министрі Михаил Фрадковтың мәлімдеуінше, жаңа шарт, сондай-ақ, аймақтағы сепаратизм мен терроризмге қарсы күресті күшейтудің нақты шараларын қамтиды.

М.Ф.: “Экономика саласындағы ынтымақтастығымыз, жаңа қауіп-қатерге қарсы күресу ісіндегі әріптестігіміз бұрын соңды болып көрмегендей нығая түсті. Экономикалық тұрғыдан нығая түскен сайын терроризмге қарсы бірлескен күресіміз де арта түспекші”.

Бішкектегі бас қосуға келген басқа премьер-министрлер де терроризмге қарсы күрестің басты міндетке айналуымен келісті. Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Өткір Сұлтанов Ресей мен Өзбекстанда болған лаңкестік шабуылдардың ондай қатерге қарсы бірлесіп күресуге жетелейтінін атап көрсетті.

Ө.С.: “Ресей мен Өзбекстан сынды ағайынды елдерде 100-деген жазықсыз халық құрбан болған террористік қастандықтар – терроризмнің не географиялық, не ұлттық, не болмаса діни айырмашылығы болмайтынын тағы да көрсетіп берді”. Қырғызстанның үкімет басшысы Николай Танаев: Экономика саласындағы сияқты, “Ынтымақтастықтың Шанхай Ұйымының” аймақтағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты нығайтатын мүмкіндігі бар”, -деген ойын ортаға салды.

Шанхай Ұйымы – терроризм мен діни экстремизмге қарсы тойтарыс беру мақсатында 1996 жылы құрылған болатын. Бірақ ресми Пекин мен Мәскеу Ұйымның алдына – Америкада 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған террористік шабуылдан кейін, көрші Ауғанстанда соғыс қимылдарын жүргізу үшін Орта Азия елдеріне өз әскерін шоғырландырған АҚШ-тың осы аймақтағы ықпалына төтеп беру міндетін қойды. Ұйым ішіндегі сауда-саттық, ғылым мен техника және гуманитарлық салалардағы келісім алдымен үстіміздегі жылдың осы қыркүйек айында Пекинде мақұлданған болатын.

Қырғызстан премьер-министрі Н.Танаев Бішкектегі бас қосу Ұйымға мүше елдердің арасындағы сауда-саттық байланысын дамыту мен мемлекеттердің заңдарын өзара үйлестіруге мүмкіндік беретін нақты келісімге қол жеткізді деп мәлімдеді. Ресей премьері М.Фрадковтың атап көрсетуінше, мүше мемлекеттердің арасында шынайы әріптестік ахуал қалыптастыру үшін салық заңдарын жақындастыруға шақырды. Оның пікірінше, “Ынтымақтастықтың Шанхай Ұйымы” ішінде мұнай-газ саласындағы және көмірсутегі шикізатын тасымалдау мәселелерін шешуді қолға алу керек. Осы мәселе бойынша жылдың соңына қарай жаңа кездесуге ұйымдастыруға Ресей дайын деп мәлімдеді М.Фрадков.

Ал осы сәтте Қазақстан мен Қытайдың премьер-министрлері Даниял Ахметов пен Вэн Джиабао алдағы аптада екі ел Батыс Қазақстаннан Батыс Қытайға қарай мұнай құбырын сала бастайтындарын мәлімдеді. Сонымен бірге Д.Ахметов “Ынтымақтастықтың Шанхай Ұйымының” жетістіктеріне жақсы баға берді.

Д.А.: “Ынтымақтастықтың Шанхай Ұйымына” қатысуын Қазақстан өзінің бірінші кезектегі міендеті санайды және көп жақты экономикалық ынтымақтастықтан көп жеміс тосып отыр”. Пекинде Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Конг Куан журналистер алдында: “Бішкектегі бас қосу мен онда қабылданған құжаттар – осы аймақтық ұйымның болашақ дамуы үшін маңызды болатынын нұсқап отыр”, -деп мәлімдеді. Әйтсе де, саяси сарапшылар мен осы бас қосуға қатысқандардың кейбірі “Ынтымақтастықтың Шанхай Ұйымы” - құрылым ретінде әлі өсіп-жетілуге тиіс”, -деген ойын айтты. Мысалға Тәжікстан премьер-министрі Азадулло Гуломов Шанхай ұйымы ішіндеішіндегі ынтымақтастықты дамыту үшін әлі көп іс атқару керек.

А.Г.: “Өкінішке қарай, аймақтың сыртқы экономикалық байланысы осы күні экспорт-импорттық операциялармен шектелген. Сонымен бірге, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, бірлескен кәсіпорындар ашу, ғылыми-өндірістік кооперация, ғылым мен техниканың алдыңғы үлгілері – ноу-хауды өндіріске енгізу сынды шаралар әлі де болса дамымай отыр”.
XS
SM
MD
LG