Саша – Қазақстанның бұрынғы оңтүстік астанасы – Алматы қаласының 33-жастағы нашақор тұрғыны. Осыдан 2 жыл бұрын оның СПИД-ке шалдыққаны анықталды. Ол кезде, деп атап көрсетті Саша, еш үміт жоқ болмайтын. Қазақстанда СПИД жұқтырған адамдарға деген ешқандай қамқорлық жоқ-ты. Ал енді, Сашаның пікірінше, жағдай өзгерді.
"Мен қазір ем қабылдай бастадым. Біз бұл проблеманың шешімін қарастыра бастадық. Қазақстанда, Құдайға шүкір, осы проблеманың барлығын түсінетін және өзгенің сырқатын өзінің дертіндей қабылдайтын өте жақсы халық тұрады".
Орта Азиядағы ахуал із жүзінде осыдан 5 жыл бұрын болғандай онша қорқынышты емес. СПИД-ке қарсы күрес бағдарламасының ақпарат пен білім жағынан өсе түсуіне байланысты оған қарсы күрес шаралары да жетілген. Орта Азияның барлық республикасында СПИД-ті жұқтырғандарды зерттейтін Ұлттық орталықтары бар. Түркіменстаннан басқа Орта Азия елдері, сондай-ақ, СПИД жөніндегі ұлттық жобаларын іске асыруда. Олардың ішінде Қазақстанда орта мектептер мен өзінің қарулы күштерінде СПИД-тің алдын-алу бағдарламалары жасалды. Халықаралық банк пен басқа да халықаралық ұйымдар осындай бағдарламаларды жүзеге асыруға қаржылай көмек беруде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ташкенттегі кеңсесінің өкілі Арун Нанда қандай нәтижеге қол жеткенін былай деп сипаттайды.
"БҰҰ-ы СПИД жөніндегі тобы “Ғаламдық денсаулық сақтау және адам құқықтары” бойынша Джонатан Манн атындағы сыйлықты Өзбекстанның қорғаныс министрлігіне берді. Өйткені, БҰҰ-ы тобының қамқорлығымен, қорғаныс министрлігі СПИД дерті туралы әскерилерге мәлімет беру мен оқыту бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Осыдан 2-3 жыл бұрын ғана армия қатарында СПИД жұқтырған жағдай болды ма деген тақырып бойынша қорғаныс министрлігімен талдаудың мүмкін болмағанын мен білемін”.
Бірақ, осындай жетістіктерге қарамастан, СПИД инфекциясы нашақорллық мен жезөкшеліктің салдарынан бүкіл Орта Азияға кең етек жайып келеді. Өзбекстанда СПИД-ті жаңадан жұқтырғандардың 70 пайызын нашақорлар құрайды. Таң қаларлық бір құбылыс: БҰҰ-ының СПИД агенттігінің Ортаазиялық үйлестірушісі Александр Косухиннің пікірінше, антиретровиалдық терапия немесе СПИД-ке қарсы емді енгізу проблемасы, бәлкім, Қырғызстаннан басқа Орта Азия елдерінде әлі шешілген жоқ. Өйткені, бір өкініштісі, деп санайды Косухин, СПИД вирусы жұққан және антиретровиалдық терапия еміне мұқтаж адамдардың ем қабылдау мүмкіндіктері жоқ.
Жергілікті ұлттық салт-дәстүрлер мен ырымдар СПИД-ке шалдыққандарды емдеуге тосқауыл болып отыр. Мысалға, адам құқықтарының ауыр халімен кең танылған Өзбекстанда гомосексуалдық қатынастар – қылмыс болып табылады. Қырғызстанда білім беру министрлігі СПИД-тен сақтану жолдарын сипаттайтын кітапшаларды мектеп кітапханаларынан шығарып тастауға бұйырды. Міне осындай жағдайларда үкіметтік емес ұйымдар ғана СПИД-ке шалдыққандарға қол созуда. Үкіметтік емес кейбір ұйымдарды өздерінің мүдделерін қорғау үшін сырқаттардың өздері ұйымдастырып жатыр. Өзге құрылымдар нашақорлар мен жезөкшелерге және тағы басқаларға медициналық қызмет көрсетіп, қажетті бағдарламалармен қамтамасыз етуде. Орта Азия халқының көпшілігі үшін ең үлкен проблема – жасырын түрде СПИД инфекциясы бойынша тексеруден өту болып отыр. Өйткені, олар дәрігерлік тексеруден өтіп тіркелетін болса, ол барша жұртқа жария болады деп сескенеді. Сол себепті де олар көмек сұрап көбіне үкіметтік емес ұйымдарға барады. Алайда ондай ұйымдардың көмек беру мүмкіндіктері шектеулі. СПИД жөніндегі БҰҰ-ы агенттігінің Орта Азиядағы үйлестірушісі А.Косухиннің атап көрсетуінше, Орта Аймағы елдерінің ұлттық үкіметтері үкіметтік емес ұйымдарға күдікпен қарайды да, олардың іс-қимылына тыйым салады.
"Үкіметтік емес ұйымдар – кәсіби мекеме есебінде қарастырылмайды. Міне сол себепті де ондай ұйымдарға антиретровиалдық терапия емін жүзеге асыруға рұқсат берілмейді. Нашақорлар мен жезөкшелер сынды осал топтардың арасында СПИД вирусының кең таралмауына көмек бергендер – кәсіби маман болып саналмайды. Орта Азияда үкіметтік емес ұйымдарды тұрақты түрде оқытатын біздің ешқандай орталығымыз жоқ”.
Орта Азияда ресми түрде тіркелген СПИД ауруларының саны аз. Мысалға, Өзбекстанда ресми тіркелген аурулардың саны 3.647, бірақ олардың із жүзіндегі қатары әлдеқайда көп және үнемі өсе түсуде. СПИД жөніндегі БҰҰ-ының Еуропа мен Орта Азия бөлімінде қызмет атқаратын Роман Гайловичтің пікірінше, Өзбекстанның және Орта Азия елдерінің ресми биліктері бұл проблемаға көп назар аудармай отыр.
"Осы елдердегі СПИД-ті ауыздықтау үшін жоғарғы биліктің саяси шешімі болуға тиіс. Ондай шешім соңғы үш жылда СПИД инфекциясына шалдыққандардың саны күрт өскен Өзбекстанға әсіресе қажет. Алайда, елдің жоғарғы билігі ол проблемаға назарын аудармай отыр және, денсаулық сақтау министрлігінің назарынан да тыс қалып жатса керек”.
Әйтсе де, болашаққа деген үміт жоқ емес. Орта Азиядағы СПИД-ті ауыздықтауға бағыттталған көптеген жоба жүзеге асу үстінде. Солардың бірі – Ғаламдық қордың қаржыландыруымен СПИД-ке, көкірек ауруына және безгекке қарсы күрес жобасы. Ол қаржы денсаулық сақтау саласы мамандарының және мектеп оқытушыларының СПИД жөніндегі білімдерін жетілдіруге жұмсалады. Кейбір елде мүдделі топтар СПИД-ке қарсы хабарламаларды жұма намазына қосуды өтініп мұсылман діні басыларына да жүгінді.