“Олимпиада астанасы” мәртебесі үшін талас-тартыс талай апта бойы жалғасып келді – жеңімпаз сәрсенбі күні мәлім болды. 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының астанасын өзінің 117-нші сессиясына Cингапурда жиналған сәрсенбі күнгі отырысында құпия дауыс беруден кейін Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге салтанатты түрде жариялады.
- Халықаралық олимпиада комитеті 2012-нші жылғы Олимпиада ойындарын өткізу құқы Лондон қаласына берілетінін жариялайды, – деді Жак Рогге.
Шынында да, аталған 5 қаланың ішінен Франция мен Ұлыбританияның астаналары – Париж бен Лондонның мүмкіндіктері басымырақ сарналып отыр. Сонымен бірге, басқа үміткерлер де Олимпиада комитетінің құпия дауыс беруі алдында өз мүмкіндіктерін бір кем есептемей келді. Айтқандай-ақ, Сингапурдан соңғы сәтте келіп түскен хабарға қарағанда, “Олимпиада астанасы” болуға үміт артқан қалалардың арасынан Нью-Йорк, Мадрид және Мәскеу қалалары шығып қалды, енді тізімде Париж бен Лондон қалалары қалды.
- 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге Мәскеудің ұсынылуын өзімнің Ресей мен Ресей халқының атынан толық қолдайтынымды білдіруге рұқсат етіңіздер, - деген еді Ресей президенті В.Путин.
Мәскеуді “Олимпиада астанасы” мәртебесіне үміткер ретінде таныстыру барысында оның “салмағын” өсіру мақсатында Ресей президенті В.Путин Халықаралық олимпиада комитетіне өз үндеуін осылайша ағылшын тілінде жолдады. Оның бұл үндеуі комитет мүшелеріне бейнетаспадан көрсетілді. Өзге үміткер-қалалардың атынан басқа да жетекші саяси тұлғалар да Халықаралық олимпиада комитетіне өз уәждерін жолдап жатты.
- Бұл – ұйымдастырушы қала ретінде танылу үшін теңдессіз мәртебе. Бұл, сондай-ақ, орасан зор жауапкершілік жүктеп, Халықаралық олимпиада комитетімен арада қоян-қолтық іс-әрекет етуді талап ететін мәртебе екенін де мен жақсы түсінемін. Менің сіздерге жолдауымның мақсаты – біз сіздердің ең үлгілі әріптестеріңіз боламыз дегенді айтқым келеді, - деді Тони Блэр.
“Үлкен сегіздік” елдері басшыларының Глинэглстегі (Шотландия) сәрсенбі күні басталатын бас қосуы алдында Т.Блэр Сингапурда Халықаралық олимпиада комитетінің мүшелерімен 2 күн бірге болды. Франция президенті Жак Ширак та одан бір елі қалмай Сингапурға өзі келді.
- 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының астанасы бола ма деген үлкен үмітпен Париждің және бүкіл Францияның жүректері бірдей соғып тұр, - деді Жак Ширак.
Нью-Йорк пен Мадрид қалалары да “Олимпиада астанасы” мәртебесін алуға көп үміт артады. АҚШ-тың бұрынғы президентінің зайыбы, қазір Нью-Йорк штатынан сайланған сенатор Хиллари Клинтон ханым да Нью-Йорк делегациясының құрамында Сингапурға келді. Сәрсенбі күні, яғни құпия дауыс берілетін күні журналистерге берген сұхбатында Хиллари ханым Нью-Йорк қаласының ұсыныстары көңілге қонады деп ойлайтынын атап көрсетті.
- Олар (яғни Халықаралық олимпиада комитетінің мүшелері) көп мәселені ескеруге тиіс. Бірақ, менің пікірімше, бұл таныстыру көп жылдан бергі байланыс пен үгіт-насихат жұмыстарының қорытындысы болып отыр. Біз енді оның нәтижесін көреміз, - деді сенатор Хиллари Клинтон.
Алайда, сәрсенбі күнгі құпия дауыс берудің нәтижесінде қай қаланың басым дауыс алатыны туралы Халықаралық олимпиада комитеті ешқандай сыр білдірген жоқ. Оның орнына Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге осындай мықты үміткерлердің арасынан біреуді таңдап алудың аса қиын екенін атап көрсетті.
- 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушы қаласын таңдау күшті үміткерлердің арасынан таңдау өте қиынға түседі, - деді Жак Рогге.
Бұл пікірін Жак Рогге сейсенбі күні ортаға салды. Ол сондай-ақ 2012 жылғы ойындарды қабылдауға деген қызығушылықтың бұрынғы соңды болмағандай аспандап тұрғанын атап көрсетті. Өйткені Олимпиада ойындарының мәртебесі орасан зор қоғамдық ықыласқа бөленіп отыр.
- Біз қорғайтын құндылықтардың және спорттық ойындардың табыстары арқасында және біз бөле алатын мол қаржы-қаражаттың нәтижесінде осы күні Халықаралық олимпиада комитеті мен Олимпиада қозғалысы – қолайлы жағдайды бастан кешуде, - дейді Жак Рогге.
Шынында да, Олимпиада ойындары оны өткізетін қалаға жергілікті компания-фирмалардың клиенттері ретінде жүздеген, мыңдаған жанкүйерлерді тартумен қатар, сол елдің көлік және басқа да инфрақұрылымдарын жетілдіруге түрткі болады. Ол құрылымдар Олимпиада ойындарынан кейін де әлі талай уақыт қызмет ете береді.