Президенттік құзырының мерзімі аяқталған Мухаммад Хатами өткен аптада өзінің билік басында отырған кезінде қол жеткізген “ең басты жетістігім – Иран халқына сөз еркіндігін алып бергенім”, - деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, өзі бастаған үкіметті сынаған сайын, Иранға демократияның қажеттігін түсіну де тереңдей түсті. М.Хатамидің пікірінше, өзінің қол жеткізген жетістіктеріне әділ бағаны Иран халқы ғана бере алады.
“Ирандағы демократияның қиын да ұзақ жолын салу ісінде үкіметтің қол жеткізе алған жетістігіне халық қана әділ бағасын бере алады”, - деді Хатами.
Иран қоғамындағы реформашыл топ ислам мемлекетіне демократияның құндылықтарын енгізе алар деп көп үміт жүктеген М.Хатами, дегенмен де, өзінің “Ислам демократиясын” орнатамын деген мақсатына жете алмады. Оның көптеген реформашыл бастамасына кертартпа күштер бөгет қоя алды. Оның үкіметі рұқсат берген көптеген тәуелсіз де либералды жаңа баспасөз құралын ешқандай жаңалықты мойындамайтын, ешбір уәжді білмейтін сот билігі түгел жауып тастады. Иран соты 100-ден аса газет пен журналды жойып, одан екі есе көп журналисті жауапқа тартты. Талай зиялы қауым өкілі, реформаны қолдаған саяси белсенді және қаншама студент абақтыға жабылды. Президент М.Хатамиді оның өз қолдаушылары тарапынан, оның ішінде студенттер де бар, “кертартпа күштерге төтеп бере алмады”, “демократияның жаулары алдында дәрменсіздік көрсетті” деген ащы сынға айтылды. Жақын маңайынан айтылған осындай сындарға президент “қақтығыстар мен тәртіпсіздік” Ислам республикасының мүддесіне жауап бермейді деген жауап қайырумен болды.
Мысалға, штаб-пәтері Теһранда орналасқан адам құқықтарын қорғайтын орталықтың мүшесі Мухаммад Әли Дадханың пікірінше, М.Хатами өзінің президенттік билігін елдегі кертартпа күштерге қарсы қолданбады.
“Көптеген жағдайда ол адам құқын қорғаймын деген өзінің үндеулері мен мақсаттарына адал болып қалмады. Жуырда болып өткен парламент сайлауы соған бірден-бір мысал бола алады. Ол кезде “Ислам төңкерісі сақшыларының Кеңесі” бұқара халық қолдаған 1 мыңнан аса үміткерді сайлаудан аластатты. Алайда М.Хатами оған қарсы іс жүзінде ешқандай нақты шара қолданған жоқ және “Ислам төңкерісінің сақшылары Кеңесінің” осы әрекетіне қарсы наразылық білдірген халықты қолдамады. Ол, сондай-ақ, өзінің көзқарасын анық көрсетпеді”, - дейді Мухаммад Әли Дадха.
Міне, осындай келеңсіз құбылыстарға қарамастан, бақылаушылардың басым көпшілігі президент лауазымында отырған 2 мерзімі ішінде М.Хатамидің аз да болса бірқатар реформаны жүзеге асырып, шектеулі еркіндікке қол жеткізе алғанын және саяси сахнаның бір шетін аша алғанын мойындайды. Мухаммад Әли Дадханың атап көрсетуінше, осы жетістіктердің нәтижесінде Иран халқы өзінің азаматтық құқықтарын көбірек түсініп, өзін әлдеқайда еркін сезінетін болды.
“Ол (яғни президент М.Хатами. С.А.) халықтың өз құқы үшін күресе алатынын сезінген саяси атмосфераны қалыптастырды. Біз, сонымен қатар, әдебиет пен мәдениет және өнер саласында да көп еркіндікті сезініп отырмыз”, - деді Мухаммад Әли Дадха.
Иран парламентінің Машадтан сайланған бұрынғы депутаты әрі журналист Мухаммад Садық Джавади Хессардың пікірінше, М.Хатами – сынға еркіндік беру арқылы азаматтар мен үкіметтің ара қатынасын өзгертті.
“Хатамиді сынаушылар оны сынады, ал ол өзіне айтылған сынды қабылдады және ол өзіне айтылған сын пікірлерді диалогқа айналдыруға тырысып бақты. М.Хатамидің билік басындағы мерзімінде тағы бір қол жеткізгені – бұқара халықты шешім қабылдауға қатыстырудың негізін қалады”, - деген баға береді Джавади Хессар.
Джавади Хессардың атап көрсетуінше, М.Хатами президент тағында отырған мезгілінде Иранның мемлекеттік мекемелерінің аз да болса жауапкершілікті сезініп, сәл болса да ашық жұмыс атқаруына жеткізді.
“Хатамидің тұсында біздің елімізде саяси тұтқындар болды, бірақ олардың қайда отырғаны жұртқа мәлім болды. Хатамидің алдында кейбіреулердің қандай абақтыға жабылғаны жұмбақ болып қалатын, олармен көрісуге мүмкіндік берілмейтін. Бірақ, Хатамидің өкіметі (соңғы жылдары) кімнің қайда отырғанын қадағалайтын болды. Бұл, өз кезегінде, шенеунектердің шыныдан жасалған кеңселерде отырғандай сезінуіне жеткізді”, - дейді Джавади Хессар.
Кейбір бақылаушылар Иранның саясаткерлеріне Мухаммад Хатамидің оң ықпалы, әсері зор болды деп есептейді. Билік басында отырған кезінде ол адам құқықтары проблемасын, азаматтық қоғам мен демократия мәселелерін көп айтып келген болса, ендігі жерде кертартпа саяси қайраткерлердің өздері де осы мәселелерді жиі ауыздарына алатын болды. Оған қоса М.Хатамиді халықаралық қауымдастық ресми Теһранның Вашингтонмен арадағы салқындап кеткен қарым-қатынасын жылытпақ ниетін көрсету үшін мезгіл-мезгіл болса да Иранның бетін Еуропаға бұрғаны үшін де мақтап келді.