Варшава қаласында ресейлік жас жеткіншектердің соққыға жығылуына ресми Мәскеу: “Польшада Ресейге қарсы көңіл-күй өршіп тұр” деп, өз наразылығын білдірді. Ресей президенті В.Путин бұл шабуылды “басбұзарлық әрекет” бағалады.
“Мен сыртқы істер министрігіне тиесілі тапсырма беремін және президент әкімшілігі жағынан поляк әріптестерімен байланысып, осындай “басбұзарлық” әрекетке қажетті шара қолдану үшін Польша үкіметінің не істеп жатқанын білсін деп өтінемін. Бұл әрекетті “қылмыс” деп бағалаудан басқа амал жоқ”, - деді В.Путин.
Ресей басылымдарының хабарлауынша, орыс дипломаттарының 3 баласына Варшава саябағында Ресейге қарсы сөздер айтқан 15-ке жуық жігіт тарпа бас салған. Поляк жастарының жеткіншек балаларды соққыға жыққаны үшін Мәскеу Варшавадан ресми түрде кешірім сұрауын талап етті. Алайда поляк үкіметі бұл төтенше оқиғаны “қылмыстық әрекет” ретінде қарайтынын уәжге келтірді. Штаб-пәтері Мәскеуде орналасқан Саяси технологиялар орталығы директорының өкілі Борис Макаренконың пікірінше, Кремьдің осылайша “тістенуіне” онша негіз де жоқ.
“Куәгерлердің айтуынша, олар скинхедтер көрінеді. Олар оқиға болған жерден шағын автобусқа отырып кеткен. Менің өз басым микрооавтобусқа отырып серуендеп жүрген бұзақыларды онша көп көргенім жоқ”, - дейді Б.Макаренко.
Макаренконың айтуынша, Польшадағы Ресейге қарсы қазіргі сана-сезім негізінен өткен дәуірден келе жатқан өкпе-наздан туып отыр.
“Варшавадағы орыстарға қарсы көңіл-күй - Ресей сыртқы істер министрлігіне шақырылған Польшаның Мәскеудегі елшісі жоққа шығарған көңіл-күй – Польшада 200 жылдан да ерте пайда болған. Оның неден шыққанын түсіну қиын емес. Польшаны үш рет бөлген Ресейдің осы және басқа да іс-әрекетін менің ақтағым келіп отырған жоқ. Міне Польшадағы орысқа қарсы осындай көңіл-күй өткен 10-жылдықтарда да талай рет мезгіл-мезгіл бой көрсетіп келді. Оған мысал жетіп артылады”, - деді Б.Макаренко.
Ресей өкілдерінің атап көрсетуінше, Ресейге қарсы сана-сезім Польшада кең етек жайған. Поляктардың “Газета выборжа” басылымының хабарлауынша, таяуда Варшаваға барған сапарынан кейін Ресей президентінің кеңесшісі Глеб Павловский: “антисемиттер еврейлер жайында қалай айтса, поляктар да орыстар жөнінде дәл солай сөйлейді” деп арызданыпты. Польшаның сыртқы істер министрі Адам Даниэль Ротфельд оған: “Ресейдің саясаткерлері “жау іздеп, онысын Польшадан тапса керек”, - деп жауап берді.
Польшадағы тәуелсіз зерттеу орталығы – Штефан Батори Қорындағы халықаралық бағдарламалардың директоры Якуб Баратынскидің атап көрсетуінше, Польшаның НАТО мен Еуроодаққа қабылдануынан кейін елдегі “антиресейлік” сана-сезімнің айтарлықтай басылғанын Борис Макаренко ескермей отыр. Өйткені поляктар енді өздерін бұрынғыдан әлдеқайда қауіпсіз сезіне бастады. Басқа жағынан алғанда, деп мойындайды Баратынски, Польшадағы көпшілік жұрт әлі де болса Ресейдің сыртқы саясатына күдікпен қарайды және Кремль бұрынғы “Зұлымдық империясын” басқа түрде қайта жаңғыртқысы келеді деп қорқады.
Дегенмен де, екі саясаттанушы да Ресей мен Польша арасындағы қалыптасқан қазіргі ахуал өткен-кеткен тарихтан емес, ағымдағы саясаттан және Польшаның осы аймақтағы жаңа рөлінен туып отыр деген ортақ пікірге келеді. Б.Макаренконың атап көрсетуінше, Варшава мен Мәскеу өзара Украинадағы төңкеріс кезінде қақтығысып қалды, оған қоса Польша сөз бостандығы мен адам құқықтарына байланысты кейде Ресейді жатып кеп сынға алады. Ал Якуб Боратынскидің пікірінше, Ресейдің көптеген саясаткері Польшаның НАТО мен Еуроодаққа кіруіне қарсы болды. Оның айтуынша, осы аймақтағы демократияның өркендеуіне Польшаның дем беруін Кремль өз ықпалын тарылту деп қабылдайды. Орыс дипломаттарының балаларына қарсы шабуылды, деп ойын өрбітеді саяси сарапшы Якуб Боратынски, Кремль Польшаның осы аймақтағы саясатына өзінің наразылығын көрсету үшін пайдаланып отыр.
“Біз сырттан бақылап отырған бұл оқиға, шынында да, түсініксіз құбылыс туғызып отыр. Әйтсе де, егер біз Ресей мен Польша арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі күйін саралайтын болсақ, онда, әлбетте, ол құбылыстың сыры түсінікті болады”, - дейді Якуб Боратынски.