Синди Шиһанның айтуынша, 2 жылдан аса уақыт бұрын Ираққа АҚШ-тың басып кіруінің себебін Дж.Буштың өз аузынан естігі келеді. Сонымен қатар ол Ирақтағы 1800-ден астам жауынгердің қазасын Дж.Буштың “негізсіз өлім емес” деуінің сырын өзінен тікелей сұрауды мақсат етеді. Егер Дж.Бушпен кездесудің сәті түсе қалса, бұл оның президентпен екінші рет жүздесуі болмақшы. Өткен жылы Сиетл қаласының маңында АҚШ жауынгерлеріне орнатылған ескерткіштің ашылуы рәсімінде АҚШ президентімен кездескен ұлдарынан айрылған бірнеше отбасының арасында С.Шиһан да болды. Өз ұлының қазасынан 2 ай өткен кезде Дж.Буш үшін президенттікке қайта сайлану науқанының қақ ортасы басталды. “Азаттық” радиосына берген сұхбатында қайғыға батқан ана ол кезде Дж.Буш ұлдарын жоғалтқан отбасыларының қайғысына шын көңілімен ортақтасып, қайғырған адамдай көрінген болатын деп мәлімдеді.
“Ол (яғни Дж.Буш) шынында да терең қайғыда болды деп ойламаймын мен. Біз сол жерде жиналғанымызда оның қатты қайғырғанын сездім. Енді ол кездесудің саяси айла-амал болғанына менің көзім жетті. Осылайша президент сайлау науқаны барысында: “Сіздер білесіздер ме, мен Ирақта қаза болған жауынгерлердің ата-аналарымен кездесіп тұрамын”, “Олардың қайғы-қасыреті менің де қабырғама батады”, “Өз армиясын соғысқа шайқасуға жіберу – президенттің міндеті” - деп сайрай берді. Ол бізбен кездесуін саяси құрал есебінде ғана пайдаланып кетті”, - дейді Ирақта қаза тапқан жауынгердің анасы.
С.Шиһанның айтуынша, сол кездесудің барысында өзі Дж.Бушқа қарсы шықпаған, қарсы сөз айтпаған. Өйткені, біріншіден, ол кезде Ираққа қарсы соғыс ашу үшін Дж.Буштың ең басты желеу етіп алған “С.Хуссеиннің жойқын қаруы бар” деген мәліметтің айғақсыз болып шыққанын Шиһан білмеген және, екіншіден – президентке қарсы келетіндей немесе одан жөн сұрайтындай туған ұлының таяудағы қазасы оған мұрша бермеген.
“Бірінші жолы (Дж.Бушпен бірінші кездескенімде) мен шексіз қайғыға батып, есімді жинай алмай жүрген едім. Мен ол кезде дәл қазіргідей көп мәселеден хабардар емес едім. Мен енді ол кездегідей емеспін... мен әлі де қайғыға батқан анамын, бірақ қазір мен ашу-ызаға толы анамын”, - дейді С.Шиһан.
С.Шиһан, оның өз сөзімен айтқанда, ұлының бостан-босқа қаза болғанына әбден көз жеткізген. Оның пікірінше, ұлы мен басқа да АҚШ жауынгерлері “биік мақсат-мүдде үшін қыршын кетті” деп және олар үшін АҚШ-тың Ирақтағы миссиясы әрі қарай жалғаса береді”, - деп айтуға ендігі жерде Дж.Буштың ешқандай құқы жоқ. “Ал өзімнің миссиям жемісін бере бастады”, - деп санайды қайғылы ана. Өйткені, деп есептейді С.Шиһан, өзінің бұл әрекеті қоғамды елең еткізіп, Ирақта АҚШ жауыгерлерінің босқа қаза болып жатқанына назарын аударды. Егер Кроуфордтағы ранчосында жазғы демалысын өткізіп жатқан Дж.Бушпен жүздесе алмаса, қаза болған жауынгердің анасы, С.Шиһан, оның ізінен бір елі қалмай Вашингтонға дейін барып, президенттің өзімен тілдеспейінше, Ақ үйдің алдында ашық аспан астында түнемекші.
Трейси Делла Веккия – Ирақта соғысқан тағы бір жауынгердің анасы. Оның ұлы Ираққа үш рет шақырылып қызмет етті, қазір елге аман оралды. Ирақтағы соғысқа баласын аттандырған ана қасыретін бастан кешкен Делла Веккия “Әскери теңізшілердің аналары” ұйымына барып қосылуға мәжбүр болды. Бұл ұйым АҚШ-тың Ирақта соғысып жатқан әскери теңізшілеріне қолдау көрсетіп, олар жайында ретінде ақпарат жинап, соғыстың қайнаған ортасында жүрген ұл-қыздары бар отбасыларына моральдық көмек береді.
“Әрине, оның (С.Шиһанның): “Президент Буш, маған құлақ түріңіз, мен ұлымнан айрылдым!” деп айтуға толық құқы бар. Оның өз ұлынан айрылғанына мен де терең қайғырамын. Біздің бәріміздің де (теңізшілердің аналары) саясатпен айналыспайтынымызды айтуға қандай құқымыз болса, оның да не тілейтінін, не қалайтынын сұрауға құқы бар. Егер біз саясатпен айналыссақ, онда бір-бірімізді қолдай алмайтын едік, біздің ұстанған саясатымыз осы. Біздің атқаратын ісіміз бен оның (С.Шиһанның) істеген ісінің бар айырмашығылы – біздің ісіміз жалғаса береді – (өйткені) менің ұлым Ирақта қаза болған жоқ. Ал ол үшін уақыт тоқтап қалды”, - дейді Т.Д.Веккиа.
С.Шиһанның президент Дж.Бушты сынауымен қатар, оның Ирақтағы саясатын әлі көптеген ата-ана, оның ішінде тіпті Ирақтағы соғыста балаларынан айырылған отбасылар қолдап келеді. Кейбіреулері тіпті Дж.Буштың “АҚШ - Ирақтағы миссиясын абыроймен аяқтауға тиіс”, деген пікірін сөзбе-сөз қайталайды. Міне, осы қарама-қайшы саясат туралы Трейси Делла Веккияның аузынан не қолдаған, не даттаған сөзді есіте алмайсыз. Ол сыртына “Біз әскерімізді қолдаймыз” деген немесе тағы басқа жазуы бар автокөліктерді нұсқап көрсетті. Д.Веккианың айтуынша, америкалықтардың біразы осындай көліктердің иелері АҚШ-тың Ирақтағы саясатын қолдайды деп санайды. Алайда оның үзілді-кесілді түрде айтуына қарағанда, “Әскери теңізшілердің аналары” тобы Ирақтағы саясатты не қолдамайды, не оған қарсы шықпай іс атқарады. Д.Веккия ұлының үйге аман оралғанына бақытты. Алайда ол “Әскери теңізшілердің аналары” тобын қолдай бермекші. Өйткені, оның ұлын Ираққа төртінші рет шақырып алмасына ешкім кепілдік бермейді.