“Менің өмірім жақсы. Өйткені мамам мені ылғи да қуантады. Күн сайын маған 1 доллардан беріп тұрады... мың рубльден бермегені өкінішіті. Менің бір досыма әкесі күніне 2 мыңнан береді”.
Алайда оның анасы Еленаның қалтасы мұндай “мырзалықты” көтере алмайды. Бір кезде ол Мәскеудің мемлекеттік университетінде басшы қызметте болды. Ал қазір Масудты жалғыз өзі асырап, үйде отыр. Үкіметтен ай сайын алатын 70 рубль немесе 2,5 доллар төлемі қай мұқтажына жетсін!? Анасы мен ұлы – Еленаның екінші ері – Масудтың әкесі Германиядан ай сайын салып тұратын 300 долларына күні қарап отыр. Ол 2001 жылдан бері күн көрістің қамымен Германияда жүр. Еленаның ері Ауғанстаннан келген, журналистік білімінің болуына қарамастан, әдетте Мәскеу дүкендерінде сатушысы болып жұмыс істеп келді. Мамандығы бойынша жұмыс таба алмайтынына көз жеткізген соң ол Ресейден кетуге бел буды. Алайда Германияда жүріп те ол кәсіби жұмыс таба алмады. Ол қызмет іздеп сандалып жүргенінде, Елена мен Масуд – Мәскеудің оңтүстігіндегі 2 бөлмелі пәтердің бір тар бөлмесінде күн кешуде. Масудтың 26 жастағы апасы - ерімен және бір ұлымен екінші бөлмеде тұрады. Оған қоса бұл отбасының асхананы мекен еткен мысығы мен тотықұсы тағы бар.
Еленаның алақандай ғана асхана бөлмесі – осы пәтердің кіндігі сияқты – 2 отбасы жиналып сыр бөлісетін, ас дайындайтын, қонақ қабылдайтын маңызды бөлігі. Қазіргі күй-жайының ауыртпалығына қарамастан, Елена ұлын жоғары білім алып, өз еңбегінің қызығын көрсе екен деп армандайды. Кішкентай Масудтың өзі әзірше құрылысшы болсам деп аңсайды.
“Мен университетті бітіремін де жұмысқа барамын. Менің құрылысшы болғым келеді... трактормен жұмыс істеймін. Жо-о-оқ, трактормен емес, эксковатормен жұмыс істеген жақсы. Ия-ия, эксковатор жақсы ғой...”, - дейді Масуд.
Еленаның айтуынша, ұлының құрылысшы болғанына қарсы емес, бірақ Масудтың мәдени үйірмелерге қатысуын көбірек қолдайды. Масудтың әкесі – зиялалар әулетінен шыққан. Оның атасы Мұхаммад Хасан Барық-Шафи – жоғары лауазымды саясаткер әрі танымал ақын болған кісі. Елена Масуд әулетінің осы салт-дәстүрін жалғастыруға тырысып бағуда. Сол мақсатпен ол Масудтың баратын шахмат, фортепьяно және балет үйірмелеріне төлейтін қаражатты тиын-тебендеп жинайды. Масудтың әсіресе балет биіне деген дарыны байқалып, Мәскеудегі “Үлкен театрдың” хореографиялық Академиясына оқуға іріктеліп алынды. Масуд, сондай-ақ, футбол ойнағанды жаны сүйеді. Бірақ, Елена қаражат оның бір ғана үйірмесін төлеуге жетеді дейді.
“Шахмат үйірмесі 900 рубль тұрады, музыка мектебі де айына тағы 1000 рубльді қажет етеді, яғни баланың оқуы қымбат тұрады”, - дейді Елена.
Еленаның айтуынша, күн көрістің барған сайын ауырлап бара жатқаны өзін қатты алаңдатып отыр. Туған әкесін 4 бойы көрмей әбден сағынған Масудқа да жаны ашиды. Оны Германияға әкесіне жіберуге уәде беріп, бала ол күнді асыға күтіп жүр.