«Әділетті Қазақстан үшін» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Марат Баймұхамбетовтың айтуынша, тамыздың 17-сі күні сағат 23-шамасында, «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының баспаханадан тапсырыс беріп шығарған «Біздің еліміздің жаңа Конституциясы туралы» деген кітапшаның 10 мың данасын бір қоймадан екіншіге көлікпен тасып апара жатқан оны заң өкілдері тоқтатып, ұстап әкетіпті.
«100 метр жүргенім сол-ақ екен, жол полициясы қызметкерлері маған тоқтауға бұйрық берді. Барлық құжаттарымды тексерді, машинада баспахана өнімдері жатқанын көріп, бірден басшыларын шақырды. Мен осыдай кейін, адвокат келгенше машинамда бекініп отырдым. Алайда, олар мені машинадан күшпен шығарып, полиция бөлімшесіне алып кетті. Сол жерде саясаткер Төлен Тоқтасыновқа телефон шалдым. Ал, таңғы сағат 5-те кітапшалардың алынғаны жөнінде актіге қол қойып, үйіме қайттым», - деді Марат Баймұхамбетов «Азаттық» радиосына.
Осы оқиғаның келесі бір куәгері, Қазақстан коммунистік партиясының хатшысы Төлен ТОҚТАСЫНОВТЫң сөзінше, ол полиция қызметкерлерінен неліктен кітапша тиелген машинаны бөгеп, баспахана өнімдерін алғандарын сұрағанда, олар Марат Баймұхамбетов мінген автокөлікті кездейсоқ тоқтатқандарын айтыпты.
«Олар маған: «Бұл әдейі істелген мәселе емес. Көптеген машиналардың ішінде мына Марат деген азаматтың машинасы көзге түсті. Машинаның ішінде баспахана өнімдері жатыр екен. Сосын соны тексерейік, көрейік деген оймен тоқтаттық» деп жауап берді», - дейді Т.Тоқтасынов.
Алайда, жол полицейлердің бұл сөзіне күмәнмен қарап отырған Тоқтасынов мырза, заң орындары тәркілеп алған әлгі кітапшаларды басып шығаратын баспаханаға оқиға болардан бұрын ескерту түскенін айтады:
«Кітапша шыққан баспахананың иелері – ауған соғысының ардагерлері. Соларға сәрсенбі күні күндіз ҰҚК адамдары барыпты. Бірақ, мына жігіттер: «Бұған қаржы төленіп отыр, сондықтан басамыз», деп, оларды қуып шығыпты. Оған қоса, сәрсенбі күні түнде Мараттың жағдайымен ішкі істер бөліміне барғанымда сондағы подполковник дәрежесіндегі полиция офицерлерінің бірі: «Бізге тапсырма түсті, біз соны орындап жатырмыз» деді».
Оқиға болған түннің ертесінде, тамыздың 18-і күні «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы шығарған әлгі кітапшаның тағы да 18350 данасын Алматы қаласы Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының адамдары қосымша тәркілейді.
«Бейсенбі күні таңертең сол кітапшаларды баспаханадан тиеп, алып шығып келе жатқан кезде тағы тоқтатты. Сонда айтатындары: «Біздегі ақпарат бойынша, жасырын баспаханадан заңсыз жаңа Конституцияның кітапшасы шықты», - дейді Т.Тоқтасынов.
«Біздің еліміздің Конституциясы туралы» атты кітапшада «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы жетекшілерінің қатысуымен биыл жазда әзірленген Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша түсіндермелер берілген. Бас прокурордың арнайы бұйырығында тек Конституциялық құрылымды бұзуға шақыратын зиянды құжаттар ғана тәркіленіп алынатындығы айтылған. Сол себептен, әлгі кітапшалардың алынуы және сараптамаға жіберілуі заңсыз дейді заңгер Серікқали МУСИН:
«Полицейлердің әрекеті толық заңсыз. Себебі, олардың бұл буклеттерді алып-салуға құқылары жоқ. Өйткені, барлығы «БАҚ туралы» және «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» заң шеңберінде істелді».
Бұл оқиғаларға байланысты «Азаттық» радиосының қойған сұрақтарына Алматы қалалық және Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері қандай да бір жауап беруден бас тартты. Ал, «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының лидері Жармахан ТҰЯҚБАЙ бұл оқиғаны оппозицияның жұмысына әдейі жасалған кедергі деп бағалап отыр:
«Мұнда заңсыз ештеңе жоқ. Онда қазіргі Конституциялық режимді өзгерту керек, сол себептен, жаңа Конституцияның маңызы туралы айтылды. Мұның барлығы – адамдардың басқа өмір барын білмесін, біздің үніміз халыққа жетпесін дегеннен туындап отыр».
Дегенмен, «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы қызметкерлері сот сараптамасы бір тәулік ішінде қорытынды шығарып, кітапшалар заңды иелеріне қайтарылады деп үміттенеді.