Ауғанстанның сыртқы істер министрі Абдулла Абдулланың атап көрсетуінше, Ауғанстан өз дамуының жаңа сатысына шығуына байланысты, қауіпсіздікті нығайту мен есірткі саудасына қарсы күрес ұзақ мерзімді міндет болып қала береді. Өз еліндегі парламент сайлауынан 1 апта өткен күні халықаралық зерттеулер жүргізетін жетекші Джон Хопкинс (Johns Hopkins) Институтында сөйлеген сөзінде А.Абдулла Ауғанстанды бірқалыпқа келтіру “тиянақты шаруа атқаруды” қажет етеді деп мәлімдеді.
“Алдында әлі талай маңызды міндет тұрған және әлі кезек күттірмейтін қаншама шаруа тосып тұрған елде біз күресуге міндеттіміз – терроризмге қарсы күресті жалғастыруға тиіспіз. Күрес жалғасу үстінде. Бұл “майданда” біраз жетістікке қол жетті, бірақ бұл “майдан” әлі талай жылға созылады”, - деді А.Абдулла.
Ол халықаралық қауымдастықты “Әл-Қаида” ұйымы мен тәліптерге тойтарыс беруге, сондай-ақ апиын-есірткі егістігін азайту мен миллиондаған ауған босқынын елге қайтару ісіне берген көмегін жалғастыра беруге үндеді. Ауғанстанға өз күштерін шоғырландырған НАТО мен өзге мемлекеттер көмектерін “азайтамыз” дегендей әлі сыр білдірген жоқ. Бірақ ауған министрі А.Абдулла жаңа конституцияны қабылдап, президент және парламент сайлауын ойдағыдай өткізген Ауғанстанның ендігі жерде жарқын болашағына жол ашылды дегендей тоқмейілсіген кез-келген пікірді жоққа шығаруға тырысып бақты. Сонымен бірге сыртқы істер министрі өткен аптадағы парламент сайлауы – “Ауғанстанның демократия бағытындағы жемісті қадамы болды” деген ауған үкіметі мен сайлау басқармасы өкілдерінің пікілерін сөзбе-сөз қайталады.
“Төнген барлық қауіп-қатерге қарамастан, сайлау алдындағы кезеңде, сайлауға дейін, тәліп қалдықтарының қаншама халықты қыруына қарамастан, жұрт дауыс беруге барды және ел таңдаған үміткерін қолдап дауыс берді. Ал енді бірнеше күннен соң біз қолымызға сайлаудың бастапқы қорытындысын аламыз ғой деп үміттенеміз”, - деді А.Абдулла.
Сайлаудың бастапқы нәтижесі 4-інші қазанға қарай жариялануға тиіс. Ал ақырғы қорытындысы – 22-нші қазанда дайын болмақшы. А.Абдулланың айтуынша, жанжалдан кейінгі жағдай туралы “Бонн процесі” Ауғанстанның көрші елдермен арадағы жаңа қарым-қатынасын дамыта бастады. Ауғанстан сыртқы істер министрінің атап көрсетуінше, қауіпсіздік мәселесі бойынша Пәкістанмен арадағы ынтымақтастық Ауғанстанның онымен шекаралас аймақтарына өтіп келіп жатқан “Әл-Қаида” тобы мен тәліптердің қалдықтарына соққы беруде шешуші рөл атқарып отыр. Одан 1 күн бұрын ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша америкалық кеңесші Стивен Хэдли де дәл осындай пікір білдірген болатын. Пәкістан жағының мәлімдеуінше, Исламабад шекара аумағындағы “Әл-Қаида” өкілдері мен тәліптердің қалдықтарына қарсы күреске 70 мыңдық әскерін бағыттаған, бірақ бұл мәселе екі ел арасындағы әлі толық шешілмеген проблема болып қалып отыр. Өткен жарты жыл бедерінде тәліптердің қалдықтарына қарсы қайта өршіген қақтығыстарда 1.300-ге жуық адам көз жұмды. Олардың көпшілігі – АҚШ бастаған коалициялық күштермен қақтығыста құрбан болған көтерілісшілер болды. Алайда министр А.Абдулланың пікірінше, Пәкістан шекарасына жақын облыс-өлкелерді өз билігіне қарату үшін Ауғанстан үкіметі де тиянақты шаруа атқаруға тиіс. Сонда ғана әлгі өлкелердің халқы тәліптерді қолдамайтын болады. Жексенбі күні “Ғарда” Радиосына берген сұхбатында А.Абдулла Ауғанстандағы қайта қалпына келтіру ісіне Иранның көрсеткен берген көмегіне жақсы баға берді. Ол, сонымен бірге, Вашингтон мен Теһран арасындағы өршіп тұрған қарым-қатынасына алаңдаушылық білдірді.
“Біз жалғыз ғана Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі проблема бейбіт жолмен шешіледі және осы аймақтағы ахуалды қайтып ушықтармайды деп үміттенеміз. Иран мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың жақсаруы Ауғанстанға да оң ықпал етеді. Сондықтан да біз біздің аймағымыз тұрақты болып қалады деп үміттенеміз”, - дейді А.Абдулла.
Осы дүйсенбі күні Вашингтонда Ақ үйдің өкілі Скотт Маклеллан, оның өз сөзімен айтқанда, ядролық бағдарламасына байланысты Иранның алдау мен “жасырынбақ” ойнаудың үлгісін көрсетуіне АҚШ төзіп отыра бермейді деп атап көрсетті. Ресми Вашингтон осы жылдың соңына қарай “Иран мәселесі” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына беріледі деп үміттенеді. Өз кезегінде Иран өзінің ядролық бағдарламасы – бейбіт мақсаттағы қуат өндіруді көздейді деп дәлелдеп келеді.