АҚШ Сенатының халықаралық істер бойынша комиссиясының төрағасы сенатор Ричард Лугар (Richard Lugar) БҰҰ-ын реформалау тақырыбына арналған тыңдауды ол реформалардың келешігіне деген өзінің ұстамды үмітін білдірумен ашты. Аталмыш комиссияның екінші бір мүшесі – сенатор Норм Коулмэн (Norm Coleman) “БҰҰ-ының реформалануға әлі жетпейтін шығар?” деген ойын жайып салды. Ал Ираққа арналған БҰҰ-ының “Мұнайды азық-түлікке айырбастау” бағдарламасы маңайындағы жанжалды тергеген арнайы комиссияның төрағасы Пол Волкер Ұлттар Ұйымын реформалауға болмайды емес, болады дегенді көлденең тартты. Оған қажетті нәрсе, деп атап көрсетті Волкер мырза, БҰҰ-ын реформалау қажіттігіне өзге елдердің көзін жеткізу керек.
“БҰҰ-ын жан-тәнімен қолдайтын елдер Ұлттар Ұйымын оның өз алдында тұрған міндеттерін орындауға қабылеті жететін қауқарлы құрылым ретінде көргісі келсе және оны сондай қабылетті ұйымға айналдыру үшін олар реформаны қолдауға тиіс. Міне, осыған көбінің көзі жетуі керек”, - деді П.ВОЛКЕР.
П.Волкердің айтуынша, АҚШ-пен бірге БҰҰ-ына мүше бірқатар ел оның жұмысына қанағаттанбайтынын білдірді. Бірақ, деп атап көрсетті Волкер мырза, БҰҰ-ының қазіргі жұмысына жалғыз Вашингтонның наразы болуы онша дұрыс стратегия емес. Оның орнына П.Волкер БҰҰ-ын реформалауды барлық мүше елдің бір кісідей талап етуін ұсынды.
“БҰҰ бюджеттен жиі тапшылық көреді. Өйткені жұртшылық, кейбір себептен АҚШ-пен салыстырғанда, Ұлттар Ұйымының әкімшілік қабылетіне онша сенбейді. Егер де сіздер бұл ұйымға онша сенбесеңіздер, оның бюджеті қысқара бермек. Демек, оны бір жақты емес, барлығы бірдей қаржылай қыспаққа алса екен деп үміттенемін. Менің ойымша, осылай істеуге әбден-ақ болады”, - деді П.ВОЛКЕР.
Ақыр аяғында, деп мәлімдеді Пол Волкер, бірде-бір халықаралық ұйым БҰҰ-ының міндетін тұтастай қамти алмайды. Бірақ та, деп санайды АҚШ дипломаты, әкімшілік тұрғыдан қабылеті болмаған дүниежүзілік ұйымның мұндай тұтастығынан ешқандай пайда жоқ. Оған дәлел ретінде АҚШ-тың БҰҰ-ындағы елшісі Джон Болтон: “АҚШ президенті Дж.Буштың әкімшілігі терең де кең реформаны жүзеге асыру керек деген райынан қайтпайды” деп үзілді-кесілді мәлімеді.
“Реформалардың іске асырылуға тиісті көп айшығы бар, жасалуға тиісті әлі талай қадам қалды... Ендеше, біз жартылай ғана жүзеге асырылған істі қанағат тұтып отыра бермейміз. Болар-болмас қана косметикалық өзгерістен соң біз асыр салып жеңісті тойлайын деп жатқан жоқпыз”, - деді ДЖ.БОЛТОН.
Әйтсе де Дж.Болтон реформаларға байланысты ресми Вашингтонның күн тәртібіне нендей мәселені шығарғанын нақты айтпады. Қорыта айтқанда, Дж.Болтон президент Дж.Бушты БҰҰ ішіндегі этиканың түзелгені және оның қадағалаушы мекемесінің күшейгені қызықтырғанын сөз етті. АҚШ дипломаты өзінің басты мақсатын БҰҰ-ын оған мүше елдердің күш-жігерін босқа жұмсамайтын қуатты ұйымға айналдыру деп түсіндірді. Бірақ, деп атап көрсетті Дж.Болтон, бұл ұзаққа созылатын және өте күрделі іс болады.
“Бұл – бюджет мәселесінде АҚШ-тың мұң-мүддесін көздеген жай реформа емес, БҰҰ-ын нығайтатын, оны екпінді, жауапты әрі ашық ұйымға айналдыруды мақсат ететін реформалар екеніне қаншама елдің көзін жеткізу үшін БҰҰ-ының штаб-пәтері орналасқан Нью-Йоркте ғана емес, олардың астаналарында жалғасатын ұзақ дипломатиялық науқанға айналмақшы. Төраға Пол Волкер атап өткендей, міне осындай ұйым ғана сенім туғызады, өзіне көбірек міндет алады”, - деді ДЖ.БОЛТОН.
АҚШ Сенатындағы тыңдаудың басым бөлігі БҰҰ ішіндегі этиканы жетілдіру мен сыбайластық жемқорлықтың ізін жою тақырыбына арналды. Көптеген ел талап етіп отырғандай, Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдердің қатарын көбейту сынды тағы бір маңызды мәселе жайында бір-ақ ауыз сөз болған. Бір сәтте Пол Волкерге: “Қауіпсіздік Кеңесі ертерек кеңейтілгенде, “Мұнайды азық-түлікке айырбастау” бағдарламасы дұрыс іске асар ма еді?” деген сауал қойылды. Оған Волкер мырза өзі бастаған комиссияға Қауіпсіздік Кеңесін кеңейту мәселесімен айналысу міндеті жүктелген жоқ деп жауап берді.
Дегенмен де ол Қауіпсіздік Кеңесінің ішінде Ираққа қатысты “Мұнайды азық-түлікке айырбастау” бағдарламасын қалай іске асыруға болады деген сұраққа сан-алуан пікірдің айтылғанын жайып салды. Ақыр соңында, деп атап көрсетті сөз соңында Пол Волкер, Қауіпсіздік Кеңесі әлгі бағдарламаны бақылауды БҰҰ-ының Хатшылығына беруден бас тартты. Өйткені, ондай жағдайда ол бағдарламаны жүзеге асыру барысында тәртіп бұзылады. Бірақ П.Волкер: “Кеңейтілген Қауіпсіздік Кеңесі ондай тәртіпсіздікке жол бермейді деген пікір – біреудің жай болжамы ғана”, деп ойын қорытты.