Арал теңізі 2020-сыншы жылға қарай толық құрғап жойылады деген сәуегей пікірлер де айтылып келді. Бірақ, ештеңеге қарамастан теңіз бірте-бірте өзінің бұрынғы арнасына оралып, оған жан біте бастаған сияқты. Дүниежүзілік банктің Арал теңізін құтқару жобасы бойынша тобының жетекшісі Йооп Стоутиесдиктің (Joop Stoutjesdijk) айтуынша, Банк әлемдік мұхит суларымен байланысы жоқ теңізді қалпына келтірудің екінші сатысын қаржыландыра бастау керек деп есептейді.
Солтүстік бөлігі Қазақстанға, оңтүстігі Өзбекстанға қарайтын Арал теңізі - өткен 40 жылдың ішінде өзінің бастапқы көлемінен 4 есеге дерлік тартылды. Әйтсе де осы күні, деп мәлімдейді теңіздің қазіргі ахуалын өз көзімен көру үшін Орта Азияда сапарда жүрген Стоутиесдик, Аралға бірте-бірте тіршілік орала бастаған.
Й.СТОУТИЕСДИК: “Егер ертең Сіз теңізге барып, балықшылармен сөйлесе қалсаңыз, олар Сізге осыдан 2-3 жыл бұрынғы су әлі аз болған, айнала шөл-шөлейтке айналған және халықтың денсаулығы сыр бере бастаған кездегі түрлі оқиғаны айтып береді”.
Арал теңізі – кезінде құрлықтың ішінде орналасқан бүкіл дүние жүзіндегі төртінші ең ірі су қоймасы болатын. 1960-ыншы жылдары Совет Одағының орталық басшылығы мақта егістіктерін суару үшін Аралға құятын ең басты 2 өзен - Сырдария мен Амудариянының суын бұрып жіберді. Соның нәтижесінде Өзбекстан әлемдегі ең ірі мақта өндірушінің біріне айналды. Алайда ауыл-шаруашылығының мұндай жетістігі тым қымбатқа түсті – Арал теңізі тартыла бастады, жергілікті балық шаруашылығы түгел құрдымға кетті, Арал өңірінің ауа райы күрт өзгере бастады. Ауаға химиялық заттар мен теңіз түбіндегі кепкен тұздың шаңы жайылды, теңіздің тоқтамай тартылуы салдарынан жергілікті халық ауыр халге түсті. Жергілікті халықтың арасында ісік ауруы, қанның аздығы, аллергия және т.б. дерттер кең жайылып, өмірдің орташа ұзақтығы 64-тен 51-ге дейін құлдырады. Арал теңізінің тартылуы – 20-сыншы ғасырдағы адамның қолымен жасалған теңдессіз апат болып қалды. Аралдың суы бұрын-соңды болмаған деңгейіне дейін тартылып, теңіз “Солтүстік Арал” және “Оңтүстік Арал” болып екіге қақ бөлінді.
Өткен 15 жылда аймақтық және экологиялық іс-шаралар, негізінен, теңіздің одан әрі тартылуын тоқтатуға бағытталды. Орта Азиядағы 5 мемлекеттің әрқайсысы Аралды қалпына келтіру шараларына жыл сайын ұлттық бюджеттерінің 1 пайызына тең қаржы бөліп келді. Ең негізгі демеушілердің қатарында Дүниежүзілік банк пен Азияның даму және қайта құру банкі болды.
Қалпына келтіру жобасының құрамдас бөлігі ретінде Аралдың Қазақстанға қарайтын солтүстік бөлігінің суы деңігейін көтеріп, арнасын кеңейту үшін 13 шақырымдық бөгет салынды. Аралға құятын өзен суын үнемдеу үшін Орта Азия елдері су ресурстарын үнемді пайдалануға ниет білдіре бастады. Қазақстан үкіметі мен Дүниежүзілік банктің өкілдері Аралдың Қазақстанға қарайтын солтүстік бөлігінің қалпына келетін жақсы мүмкіндігі бар деп санайды. Солардың бірі – Дүниежүзілік банктің Алматы қаласындағы Орта Азия аймақтық кеңсесінің халықаралық байланыстары бойынша өкілі Елена Карабан:
Е.КАРАБАН: “Енді су - Арал теңізінің солтүстігіндегі Арал портына әлдеқайда жақын келді. Бұрын 100 шақырым қашықтықта болатын. Енді міне, егер мен қателеспесем, су не 15, не 20 шақырымға дейін жақындады. Демек, теңіз орала бастады”.
Бірақ, қанша дегенмен де, теңіздің толық қалпына келе қоюы екіталай. Өзбекстанға қарайтын “Үлкен Арал” әрі қарай тартыла беретін тәрізді, Аралды құтқару жұмыстары, негізінен, оның Қазақстанға қарайтын солтүстік бөлігінде жалғасу үстінде.
Арал – Қазақстан мен Өзбекстанды бөліп тұрса да, теңізді қалпына келтіру жобасының нәтижелі болуы үшін Орта Азияның барлық 5 мемлекетінің де оған атсалысуы маңызды. Орта Азиядағы су көздерінің басым бөлігі Тәжікстан мен Қырғызстанда орналасқан. Осы 2 елдің жерінен бастау алатын өзендердің суымен Өзбекстан мен Түркіменстанның және Қазақстанның егістіктері суарылады және Аралға келіп құяды. Сарапшылардың ортақ пікірінше, су ресурстарын басқару мен аймақтық ынтымақтастықтың “Арал жобасы” үшін өмірлік маңызы зор. Алайда бір-бірін қолдауға келгенде Орта Азия мемлекеттері, көбіне, өзара ортақ тілге келе бермейді. Өзбекстан, мысалға, табиғи газдың бағасы бойынша өзінің көршілерімен көптен бері дауласып келеді. Су ресурстары да Өзбекстан мен Тәжікстанның арасындағы жанжалға түрткі болды. Міне соған қарамастан, дейді “Арал теңізі” жобасының жетекшісі Стоутиесдик, теңіздің тартылуы - барлығына да ортақ проблема екенін 5 елдің түсінетін уақыты келді.
Алайда, Дүниежүзілік банк өкілінің мұндай көзқарасын, мұндай сенімін жұрттың бәрі қолдай бермейді. Мысалға, Қазақстандағы экологиялық “Табиғат” қозғалысының лидері Мэлс Елеусізовтің мәлімдеуінше, Арал теңізін құтқаруға бөлінген қыруар қаржы талан-таражға салынып, босқа кетіп жатыр.
М.ЕЛЕУСІЗОВ: “Әдетте ол қаржыны бөлісіп алып, жоғалып кетеді. Жыл сайын, қанша жылдан бері сөз болып келе жатса да, нақты ашқандай іс атқарылған жоқ. Неше түрлі конференция, симпозиумдар өткізіліп, барлық қаржы талан-таражға түсіп, одан еш нәтиже болмады”.
Ал осы кезде бүкіл тұрмыс-тіршілігі Аралдағы балық шаруашылығына байланған жұрттың “көпті көрген” теңізге тіршілік қайта оралады деп үміттенуден басқа амалы қалған жоқ.