Қазақстан қоғамында ресми биліктің жүргізіп отырған саясатына сыни мақалаларымен танымал «Тасжарған» басылымының бас редакторы Бақытгүл Мәкімбай Алматының заң органдары өзіне қарсы кезекті қылмыстық тергеу ісін бастағаны туралы хабарлады «Азаттық» радиосына. Журналист бұл туралы жұма күні Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілінен естіпті.
- Сәуірдің 27-күні Алматы қалалық департаментінің жедел өкілі Алмас Шалданбаев маған телефон соғып, бізді іздеп жатқанын, «Тасжарған» газеті, оның бас редакторына қылмыстық іс қозғалуына қатысты мені жауап алуға шақырыпотырғанын хабарлады.
- Қылмыстық істі кім қозғап отыр?
- Прокуратура қозғап отыр.
- Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қатысы қанша бұл жерде?
- Ұлттық қауіпсіздік комитеті әу баста, қылмыстық кодекстің 318-ші бабы бойынша, яғни «Қазақстан президентінің ар-ожданына тиді» деген айыппен тергеуді бастаған болатын.
«Тасжарған» газетінде жарық көрген даулы мақала алдымен былтыр күзде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ еліне сапарынан кейін Интернет-сайттарының бірінде жарияланған. Орыс тілінде «Түскі астың құны» (Цена обеда) деген атаумен басылған мақаланың авторы Фарид Мұртаза әлгі сапар жайында батыс баспасөзінде жарияланған ақпараттарға сілтеме жасай отырып, ресми Астананың жүргізіп отырған саясатына сыни тұрғыда қараған. Ал енді сол мақаланы Қазақстанның заң орындары газет ел президентіне тіл тигізген деп айыптауға айғақ ретінде алға тартып отыр дейді журналист Бақытгүл Мәкімбай:
- Ол - барлық газет-журналға басылып болған, біздің газетке шыққанға дейін ел оқып қойған мақала. Оны біз электронды пошта арқылы алып, газетке салғанбыз. Енді сол бойынша, «Назарбаевтың ар-ожданы, намысына тиіпті-міс» деп, қудалап отыр.
Бұл іске қатысты «Азаттық» тілшісінің қойған сауалына Алматы қаласының прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер әзірге ешқандай түсінік бермей отыр. Қазақстандағы баспасөз құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымдардың өкілдері мұны заң орындарының тәуелсіз баспасөзге қысымы деп бағалайды.
- Қазіргі кезде билік тарапынан Қазақстанның баспасөз кеңістігін биліктен тәуелсіз, балама пікір айтатын басылымдардан кезекті мәрте тазарту әрекеті басталғанға ұқсайды. Елдегі оппозициялық ұстанымдағы басылымдар – «Тасжарған», «Свобода слова» газеттеріне қарсы қылмыстық істердің қозғалуы тәуелсіз баспасөзге деген қысымның жаңа легі, - деген пікір айтады «Қатер астындағы журналистер» қорының жетекшісі Розлана Таукина.
«Тасжарған» газеті өзге басылымдарда жарияланбайтын тақырыптарды, соның ішінде Қазақстандағы жоғары биліктің парақорлығы жайлы атышулы «Қазақгейт» тақырыбын да жиі қозғайды. Газеттің бас редакторы Алматының заң орындары өзіне қарсы қылмыстық іс қозғағаны туралы естіп, олардан шақырту алып жатқанда, мұхиттың ар жағында, АҚШ-тың Федералдық сотында, мұнай саласында қызмет ететін американдық компанияның өкілдері кезінде қазақстандық ресми тұлғаларға 4 миллион доллардан астам пара бергенін мойындады. Бұл екі жайттың бір-бірімен тұспа-тұс келгені тегін емес деп санайды журналист Бақытгүл Мәкімбай:
- «Қазақгейтке» қатысты сот ісі басталатын, соған байланысты әңгіме туған кезде біздің газетті жабуға тырысады, әдетте. Міне осы бірер күннің ішінде ғана, АҚШ-тың федералдық сотында тексеріліп, жүріп жатқан «Қазақгейт» ісінде, америкалық компания 4 млн 100 мың доллар параны мойындағаны туралы хабар тарап жатыр. Сол соттың егжей-тегжейін біз жазатынды біледі. Соны шығарып қояды, «Қазақгейтті» жазып қояды деп, соның алдын алып, газетті тұншықтырмақшы болып жатқан әрекет қой бұл...
2001 жылы мамыр айында газет редакциясына баса-көктеп кірген белгісіз біреулер журналист Бақытгүл Мәкімбайды әріптесімен бірге соққыға жығып, бұл оларға «соңғы рет жасалған ескерту екенін» айтып кеткен еді. Алайда содан бері өткен уақыт ішінде оппозициялық бағыттағы газеттерде жұмысын жалғастырып жүрген Бақытгүл Мәкімбай халықаралық Сорос қорының журналистика саласындағы «Батылдығы мен табандылығы үшін» сыйлығының иегері де атанды. Қазір ол басқаратын «Тасжарған» газеті Қазақстанда ресми билікке оппозициялық бағыттағы «ДАТ» жобасы аясында жарық көретін басылым. Өзінің тоғыз жылдық тарихында бұл газет пен оның тілшілерінің үстінен жиыны 28 рет сот өтті. Соның ішінде екі рет қылмыстық айып тағылып, 16 рет әкімшілік, 8 рет азаматтық іс бойынша сотқа тартылған басылым биліктің пәрменімен төрт рет жабылған.