Жұма күні Грузияның сыртқы істер министрі Екатерина Ткешелашвили ресми Тбилиси әлем лидерлерін Ресейдің “грузин жеріне тікелей басқыншылық әрекетін тоқтату үшін Мәскеуге қысым жасауға” шақырады деп мәлімдеді. Министр Ресейдің Оңтүстік Осетияға ауыр соғыс техникасын кіргізіп, Тбилисидің іргесіндегі әскери әуе базасын Ресейдің соғыс ұшақтарының бомбалауын “тікелей басқыншылық” деп сипаттады.
Оның алдында грузин президенті М.Саакашвили бүгін күндіз Ресей Оңтүстік Осетияға 150 танктен тұратын күшін кіргізгенін хабарлаған болатын. Ресейдің қорғаныс министрлігі Оңтүстік Осетиядағы бітімгершілік күштерін қолдау үшін қосымша әскер жібергенін мәлімдеді. Бірақ қанша әскер жібергенін атамады. Кремль, сонымен қатар, әскер Оңтүстік Осетияның бейбіт халқын қорғайтынын мәлімдеді. Ондағы халықтың басым көпшілігі Ресей азаматы болып табылады.
Мәскеуде Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің төтенше мәжілісі болып, оның барысында президент Д.Медведев те, премьер-министрі В.Путин де Грузияның іс-әрекетін “басқыншылық” деп бағалап, ондай әрекеттің “жауапсыз қалмайтынын” ескерткен болатын.
Ресми Ақорда да Оңтүстік Осетиядағы қақтығысты назардан тыс қалдырмады. Бүгін Қытайда Ресей премьер-министрімен кездесуі барысында президент Н.Назарбаев В.Путиннің “ТМД елдері осы ахуалға өз бағасын беруі тиіс және қақтығысты доғару үшін шара қолдануы керек” деген пікірімен келісті. Ол туралы News.ru интернет-сайты хабарлады.
“Оңтүстік Осетияға қатысты қандай іс-шара қабылдайтынын хабарламаған грузин басшылығы, -деп мәлімдеді Н.Назарбаев, - дұрыс істемеді. Бұл жанжалды бейбіт түрде шешуден басқа жол жоқ”, -деп атап көрсетті қазақ президенті.
Н.Назарбаевтың айтуынша, грузин жағының мұндай әрекетке әрқашанда тыныштық орнайтын Олимпиада қозғалысы кезінде кірісуі шынында да дұрыс емес..
БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі бүгінгі мәжілісінде Оңтүстік Осетиядағы жанжал бойынша бір ұйғарымға келе алмады. Мәжіліс Ресей президенті Д.Медведевтің өтініші бойынша жиналды. Ресейдің өкілі В.Чуркин Грузия “басқыншылыққа барды” деп айыптады. Қауіпсіздік Кеңесі аталған аумақтағы ахуалға алаңдаушылық білдірді, бірақ екі жақты да күш қолданудан бас тартуға шақырған шешім қабылдау туралы Ресейдің ұсынысын қабылдамады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы болып отырған Финляндияның сыртқы істер министрі А.Стабб Грузия мен Оңтүстік Осетияның басшыларына жанжалды доғару мақсатымен Хельсинкиде өзара шұғыл келіссөз өткізуді ұсынғанын хабарлады.
Дүние жүзінің лидерлері Оңтүстік Осетиядағы шайқасты доғаруға шақырады. Бүгін Ақ үй соғысқан екі жақты бір-біріне күш қолданудан дереу бас тартуға шақырған мәлімдеме жасады. Еуропа Одағы екі жақты өзара жанжалды соғыс арқылы шешуден дереу бас тартуға үндеді.
Ал осы кезде халықаралық қауымдастық мойындамаған Оңтүстік Осетияның басшылығы Грузия жағының соққысынан 10-даған адамның, оның ішінде бейбіт халықтың қаза тапқанын мәлімдейді. Шайқас өтіп жатқан аумақта ресейлік бітімгер жауынгерлер де қаза тапқанға ұқсайды. Бітім күштерінің басшылығы хабарлағандай, грузин әскері бітім күштері орналасқан ауданды нысанаға алып атқылады.
Грузияның ішкі істер министрлігі оны теріске шығарды. Өз кезегінде ресми Тбилисидің мәлімдеуінше, Ресейдің соғыс ұшақтары Грузияның әуе кеңістігіне бұзып кіріп, бір ұшақ бірнеше бомба тастады. Одан бұрын бір ұшақтың атып түсірілгені хабарланған болатын. Ресейдің сыртқы істер министрлігі ол хабарды “арандатушылық” деп атады.
Мәскеуде осы ахуалға байланысты Грузия елшілігінің күзеті күшейтілді. Ол туралы жұма күні Мәскеу қалалық İшкі істер басқармасының ақпарат және қоғамдық байланыс басқармасы хабарлады. Елшілікке арнайы милиция құрамасының бірнеше қызметкері жіберілді.