Accessibility links

Усама бин Ладен Пәкістанда өлтірілді


Усама бин Ладеннің бейнекөріністегі суреті. 27 қыркүйек 2010 жыл.
Усама бин Ладеннің бейнекөріністегі суреті. 27 қыркүйек 2010 жыл.

«Әл-Қаиданың» жетекшісі, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестікті ұйымдастырушы Усама бин Ладен өлтірілді» деп хабарлады АҚШ президенті Барак Обама.


Америка теледидары АҚШ президентінің бұл мәлімдемесін төтенше жағдайда тікелей эфирден берді. Басты телеарналардың бәрі хабар кестесін өзгертіп, Усама бин Ладенге қатысты бейнекөріністі таратты.

«Кезінде бин Ладен қолға түспей, Пәкістанды паналап жүрген еді. Оны ұстауды Орталық барлау басқармасы бастығына басты тапсырма ретінде жүктегенмін» - деді Барак Обама.

«Бір апта бұрын бин Ладеннің Пәкістанда жүрген жері туралы мәлімет алдық.... Операция ұйымдастыруға жетерлік дерек деп есептедім, оны шағын ғана америкалық топ атқарды... Америкалықтардың ешбірі зақымданған жоқ» деп хабарлады АҚШ президенті.

«Бин Ладеннің қазасы - еліміздің «әл-Қаиданы» жеңу жолындағы басты жетістігі. Бірақ оның өлімінен соң қарқынымыз бәсеңсімейді... Бүгінгі оқиға америкалықтардың алдарына қойған кез-келген мақсаттарын орындайтындарын көрсетті. Әділ үкім орындалды» дейді Обама.

Операция Исламабад қаласына таяу жерде жүзеге асқан.

Барак Обама «бин Ладенге ертіп апарған» пәкістандық арнаулы қызмет орындарына алғыс айтып, Пәкістан президенті Асиф Али Зардариге ризашылық білдірді.

Обама АҚШ-тың бұл әрекеті исламға қарсы соғыс емес екенін айтты.

«Бин Ладен мұсылман басшысы емес еді, ол мұсылмандарды жаппай қырған адам болатын» дейді АҚШ президенті.

Оның айтуынша, қазір бин Ладеннің сүйегі АҚШ арнайы жасағының қолында.

FoxNews телеарнасының хабарына қарағанда, арнайы жасақ лаңкестің үйіне кіріп, атыс кезінде бин Ладенді басынан атып өлтірген. Бин Ладен америка арнайы жасағының оғынан қорғану үшін сол үйде тұратын әйелді қалқалаған, ол әйел де операция барысында мерт болды дейді телеарна. Бин Ладеннің ұлының қаза тапқаны да айтылды.

Қазақстандық саясаткер, бұрынғы сенатор Уәлихан Қайсаров бұл хабарға орай Азаттық радиосына сұқбат бергенде:

- Бұл маған қуанышты жаңалық болды. Өйткені оның әсерінен ислам дінін дүние жүзіне террористер діні деп, халыққа тек қайғы-қасірет әкеледі деп үгіт-насихат жүргізді. Усама бин Ладен шынымен жоғалған болса, ислам дініне көзқарас өзгереді, жақсы әсер етеді, - деді.

CNN, NBC телеарналарының хабарлауынша, Усама бен Ладеннің сүйегі "ислам дәстүрі мен заңдарына сәйкес" Араб теңізіне қойылды.

АҚШ президенті Барак Обама Усама бин Ладенің қазасы жайлы:

Барак Обама Усама бин Ладеннің көзі жойылғанын хабарлады
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:41 0:00
XS
SM
MD
LG