Accessibility links

Өзбекстанның «барса келмеске» айналған түрмесі


Өзбекстан түрмесінен мәйітті шығарып жатыр. (Көрнекі сурет)
Өзбекстан түрмесінен мәйітті шығарып жатыр. (Көрнекі сурет)
Адам құқықтары үшін сыналып жататын Өзбекстанда «Азап үйі» деп аталатын түрме әлі тұр. «Жаслыкты» көзбен көргендердің айтуынша, бұл қамау орнында адамды азаптаудың ең сорақы тәсілдерін қолданады.

Кейбіреулер оны «Азап үйі» деп атаса, енді біреулер «Барса келмес» дейді. Оның ресми аты - «Жаслык». Бұл – жазалау жүйесі сотталушыны қиын жағдайда ұстап, қинаумен танымал болған мемлекеттегі ең қатыгез қапас орны.

Түрме атын атағанда-ақ адамның бойын үрей мен қорқыныш билейді. Себебі тірі шыққандар үйлеріне үсті-басы көгеріп, бет-ауыздары тыртық-тыртық болып оралған. Денсаулықтары күйреп, ыстық суға күйген олар сұмдық қорқынышты оқиғаларды айтып келген.

Сотталып келген бір азамат «Жаслыктағы» азаптау тәсілдерін еске алады. Ол түрмеде «электро-шокпен қинау, жыныстық қорлау, тырнақ жұлу және ұзақ уақыт ас-су бермей карцерге қамау бәрі де бар» дейді.
Өзбектің диссидент ақыны Жұма Юсуп. Ташкент, 2005 жыл.
Өзбектің диссидент ақыны Жұма Юсуп. Ташкент, 2005 жыл.

- Менен «Жаслык» жаман ба, әлде фашистердің концлагері жаман ба?» деп сұраса, жауап бере алмас едім, - дейді сол түрмеде үш жыл жазасын өтеп келген өзбек диссиденті және ақыны Жұма Юсуп.

"Жаслыктың" өлім лагерінен еш айырмашылығы жоқ. Түрме басшыларының қатігездігінде шек жоқ сияқты көрінеді маған" деп еске алады ақын. Жұма Юсупты 2007 жылы Ислам Каримовтың президентікке тағы бір кезеңге сайлануына қарсы болғаны үшін соттаған.

«15 КҮН САЙЫН 500 ШАҚЫРЫМ»

- Мені карцерге ай сайын 15 күнге қамайтын. Қалған 15 күнді 500 шақырым жердегі Нөкіс қаласында орналасқан екінші түрмеде өткізуге мәжбүрмін. Олар мені өте тар болғандықтан бойыңды тік жазып тұра алмайтын темір торға отырғызып таситын. Жол тегіс болмағандықтан түрмеге жеткенше басыңды темір сорға соғып барасың. Демалатын ауа жоқ, - деп еске алады Жұма Юсуп.

«Жаслык» түрмесі 1999 жылы Өзбекстанның солтүстік батысында орналасқан Қарақалпақстан автономиялық республикасындағы совет кезінде химиялық қаруды сынайтын полигонның орнына салынған.
Өзбектің диссидент ақыны Жұма Юсуп пен оның ұлы Бұхара қаласының әкімдігі алдында пикет өткізіп тұр. Желтоқсан, 2007 жыл.
Өзбектің диссидент ақыны Жұма Юсуп пен оның ұлы Бұхара қаласының әкімдігі алдында пикет өткізіп тұр. Желтоқсан, 2007 жыл.

Бұл аймақ қыста өте суық, жазда қатты ысып кететін қатал табиғатымен әйгілі.

Ал түрме Ташкенттегі бомба жарылысынан соң іле-шала ашылған. Ол кезде Өзбекстан билігі бұл жарылыстар үшін діни экстремистерді айыптаған.

1999 жылғы жарылыстан соң ондаған мың адам тұтқындалып, «діни мотивпен» сотталғандардың талайы жаңадан салынған «Жаслык» түрмесінен бір-ақ шықты. Human Rights Watch халықаралық ұйымының мәліметі бойынша қазір мұнда 5 мыңнан 7 мыңға дейін адам қамауда жатыр.

Өзбек билігі бұл түрмені қанша жерден құпия ұстап, оны жыраққа салса да, кейінгі кездері «Жаслык» құқық қорғаушылар мен БАҚ-тың назарына ілікті.

HRW және тағы басқа ұйым мүшелері түрмеде күмәнді жағдайда қайтыс болған екі адамның өлімін құжатқа тіркеген. Олардың денелерінде азаптаудың белгілері анық сақталып қалған.

HRW қамауда қайтыс болған Музафар Авазов пен Хусниддин Алимовтің екеуін де «діни себеппен» сотталғандардың қатарына жатқызады.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов (сол жақта) пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. (Көрнекі сурет)
Өзбекстан президенті Ислам Каримов (сол жақта) пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. (Көрнекі сурет)

Ұйымның дерегіне сәйкес марқұм болған Авозовтың денесінің 60-70 пайызы күйіп қалған. Мәйітті тексерген дәрігерлер «Авазов мұндай дене жарақатын қайнап тұрған ыстық суға күйгенде ғана ала алады» деп анықтама берген.

Куәлар берген айғақтардың негізінде HRW Авазовтың мойны мен шекесінің соққыдан көгергенін және қарақұсынан қатты жарақат алып, қансырағанын құжатқа тіркеді. Оған қоса мәйіттің тырнақтары да жұлынып алынған.

HRW-тың мүшесі Стив Свердлов «Авазовтың өлімі Өзбекстанның адамды азаптау фактілерін жарыққа шығарды» деп мәлімдеді.

- Азаптау фактілері анық болғалы құқық қорғаушылар комитеті Өзбекстандағы осы оқиғаларға көбірек назар тігіп отыр. Соңғы он жылда діни себеппен сотталғандардың азапталғаны жайлы сенімді айғақтар мен мәліметтер «Жаслыкқа» қатысты тұрақты түрде айтылып келеді, - деді ол.

«ТЕКСЕРУГЕ РҰҚСАТ ЖОҚ»

Өзбекстан үкіметі «жағдай қазір жақсарды» деп мәлімдеп, сотталғандарды азаптау оқиғасының кең тарағанын жоққа шығарып отыр. Қамаудағы адамдарды қинағаны үшін бірнеше заң қызметкерінің сотталғаны жайлы да ақпарат таратылды.

Алайда Өзбекстан үкіметі БҰҰ-ның адамдарды азаптау фактілері бойынша Өзбекстан түрмелерін оның ішінде атышулы "Жаслык" түрмесін де барып тексеруге рұқсат бермей отыр.
Өзбекстан түрмесінде отырған Валерий Парижер. Ташкент, 2007 жыл.
Өзбекстан түрмесінде отырған Валерий Парижер. Ташкент, 2007 жыл.

Бұл түрме әсіресе Ресейдің де Израильдің азаматы боп саналатын бизнесмен Валери Парижер қамалып, 2002 жылы "Жаслык" түрмесіне ауыстырылғалы халықаралық деңгейде БАҚ-тың бетінен түспейтін болды.

Парижердің сотталған мерзімі бітуге тақағанда күтпеген оқиға болды. Оны қамаудан босатудың орнына «түрме тәртібін бұзды» деген айыппен тағы да бес жылға соттап, "Жаслыкқа" қамаған.

Осы іс бойынша Израиль үкіметі Өзбекстанның Сыртқы Істер министріне Парижерді басқа түрмеге көшіруін, сонымен қатар оны қамаудан босату жайлы арыз жазып, біраз әрекет жасаған.
Тырнағының астына ине сұққылаған. Жаздың аптап ыстығында оны темір торға қамап қинаған.

Парижердің зайыбы Ирина Азаттық тілшісіне жолыққанда «- азап көріп жатыр. Тырнағының астына ине сұққылаған. Жаздың аптап ыстығында темір торға қамап қинаған» деді.

Ирина күйеуінің өмірі үшін қатты алаңдаулы. Парижердің "Жаслыкта" тағы да бес жыл төзе алатынына күмәнмен қарайды. Ол күйеуінің түрмедегі азапты жағдайына байланысты Израильдегі Өзбекстан елшілігінің алдында келесі аптада қарсылық акциясын өткізуді жоспарлап жатқанын айтты.
XS
SM
MD
LG