Қаңтар оқиғасынан соң Қазақстанда мыңдаған қылмыстық іс қозғалды, 600-ден астам адам күдікті ретінде қамауда әлі отыр. Тәуелсіз Қазақстан тарихында мұнша көп адамның ұсталып, жәрдем сұрауымен алғаш рет кездескен құқық қорғаушылар альянсқа бірігіп, мұқтаж азаматтарға құқықтық көмек көрсетіп жатыр.