Accessibility links

Сотта «Әблязовтың нұсқауы» жайлы айтылды


Солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. (Сурет Lada.kz сайтыныкі).
Солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. (Сурет Lada.kz сайтыныкі).
Ақтауда оппозициялық саясаткер Владимир Козлов, «Халық майданы» қозғалысының өкілі Серік Сапарғали және қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовтің үстінен сот басталды.

Сот тамыздың 16-сы күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10-да басталды. Істі Бердібек Мырзабеков жүргізді. Ол соттың ашық болатынын мәлімдеді. Айыпталушылар тарапынан қатысып жатқан бес адвокат та бұл істі судья Мырзабековтің жүргізуіне шағым түсіріп, үзіліс жарияланған еді.

Судьяны ауыстыру мәселесі қаралып, сағат 12-лер кезінде Бердібек Мырзабековтің бұл істі ары қарай жүргізе беретіні белгілі болды. Шетпе оқиғасы бойынша істі де Мырзабеков қараған еді.

ҚОРҒАУШЫЛАР МЕН БАҚЫЛАУШЫЛАР

Cотқа қорғаушы жақ, журналистер, Козловтың әріптестері, т.б азаматтар қатысып отыр.

Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың, "Халық майданы" қозғалысының белсендісі Серік Сапарғалидің, қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовтың ісі 63 том болған. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. Фото Twitter желісінен алынды.
Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың, "Халық майданы" қозғалысының белсендісі Серік Сапарғалидің, қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовтың ісі 63 том болған. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. Фото Twitter желісінен алынды.
Сотты бақылауға келгендер арасында Евгений Жовтис, Амангелді Шорманбаев, Роза Ақылбекова сияқты құқық қорғаушылар мен "Жаңаөзен-2011" қоғамдық комиссиясының мүшесі Рысбек Сәрсенбайұлы, "Азат" ЖСДП өкілі Болат Әбілов сияқты саясаткерлер де бар.

Сотқа халықаралық бақылаушы ретінде АҚШ-тың ұлттық демократиялық институтының өкілі Иорик Исик те қатысты.

Сотқа Владимир Козловты қорғауға адвокаттары Алексей Плугов мен Венера Сәрсенбина қатысты.

Серік Сапарғалидың құқығын Күлпаш Айгербаева қорғайды. Бұған дейін Серік Сапарғалидың адвокатын ауыстыруға ниет танытып отырғаны туралы ақпарат шықты. Бірақ жаңа адвокат Абзал Құспанов ҰҚК тергеушілерінің жауап бермей, өзіне кедергі жасалғаны туралы айтқан еді.

Ақжанат Әминовті адвокаттар Батиева мен Досболов қорғайды.

Алдыңғы соттар секілді мұнда да ақпарат құралдарына сот залында жұмыс істеуге 10 минут рұқсат берілді. Мұнан кейін судья олардың сот залынан шығып кетулерін талап етті.

ӘБЛЯЗОВ, КЕТЕБАЕВ ЖӘНЕ «ЖЕЛКЕҢДЕГІ ЖЕНДЕТТІ ТҮСІР!»

Сот залына үш айыпталушы - тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловты, «Халық майданы» қозғалысының өкілі Серік Сапарғалиды және қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовті күзетпен алып кірді.

Соттың алғашқы күні айыптау қорытындысын жария еткен прокурор «айыпталушылардың барлығының да шетелде қашып жүрген Мұхтар Әблязовтың
Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің сотындағы прокурорлар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің сотындағы прокурорлар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
басшылығымен жұмыс жасағаны анықталғанын» айтты. Оның айтуынша, тіркелмеген «Алға» партиясы - елдің әлеуметтік-саяси өміріне нұсқан келтіру мақсатында құрылған экстремистік бағыттағы партия».

- Козлов тікелей Әблязовтың нұсқауын орындап, ол құрған «К-Плюс», оның филиалы саналатын Стан.ТВ арналары арқылы билікті қаралайтын ақпараттар жиған. Әминов болса ел арасына іріткі салу мақсатында «Көтер басыңды, қазақ!», «Ардақты ағайын! Қасиетті Маңғыстау күрескерлері! Желкеңдегі жендетті түсір!» деген үнпарақтар таратқан. Ол мұнайшыларды күреске үндеу арқылы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалын өз мақсатына пайдалануға тырысқан, - деп мәлімдеді прокурор.

Прокурор Владимир Козловты «Мұхтар Әблязов пен оның қасындағы саяси технология, психология мен журналистиканы жетік меңгерген Мұратбек Кетебаевтың қолдауымен ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, басқарды» деп айыптады. Оның сөзінше, кейін бұл топқа Болат Атабаев, Жанболат Мамай, Серік Сапарғали қосылған.

- Олардың барлығы да мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, әлеуметтік алауыздық тудырды, билікті құлатуға тырысты, - деп мәлімдеді прокурор сот залында.

Алайда Козловтың адвокатының бірі Венера Сәрсенбина «қорғаушы тарап
Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің адвокаттары. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің адвокаттары. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
прокурор оқып тұрғандай айыптау мәтінін қолына алмағанын» сот төрағасына айтты.

- Біздің қолымызда мүлде бөлек мәтін. Сондықтан үзіліс жариялап, бізге жаңа мәтінмен танысуымызға мүмкіндік беруіңізді сұраймыз, - деді ол.

Адвокат Алексей Плугов «алғашқы сот отырысынан-ақ заңның (қылмыстық-процессуалдық кодекстің 336-бабы) бұзылып жатқанын көруге болады» дейді.

- Менің қорғауымдағы Владимир Козловқа іспен танысуға мүмкіндік тек кеше, 15 тамызда берілді. Заң бойынша оған үш күн берілуі керек. Ал қолымыздағы айыптау қорытындысы мен прокурор сотта оқыған мәтіннің айырмашылығы - бөлек әңгіме. Оны да анықтаймыз, - деді ол Азаттық тілшісіне.

Процесс соңында судья сотталушылардан айыптау қорытындысымен келісер-келіспесі жөніндегі сұрады.

Ақжанат Аминов өзінің кінәсін мойындайтынын, Серік Сапарғали ішінара мойындайтынын, ал Владимир Козлов мүлде мойындамайтынын және "сот объективтілігіне күмәнмен қарайтынын" айтты.

- Мен қалайша бір күн ішінде 60 томнан тұратын іспен танысып шыға аламын. Олай болса дәл қазір прокурор істің тым құрымағанда бір бетін оқып шықсын, оқу жылдамдығының қанша уақыт алатындығын анықтайық, - деді ол.

Козлов дәлелдеме ретінде ұсынылған бейнетаспалардың да қаралмағанына айтты.

Судья Мырзабеков сот ертең таңертеңгі 10-да жалғасатынын хабарлады. Ертеңгі сот отырысында алдымен айыптаушы тараптың куәлері тыңдалады.

ҮШЕУДІҢ ІСІ

Тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловқа «әлеуметтік араздықты қоздыру» (164-бап 3-бөлім), «Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру» (170-бап 2-бөлім) және «ұйымдасқан қылмыстық топ құру» (235-бап 1-тармақ) баптары бойынша айыптар тағылған.
Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың сотына келген адамдар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. Фото Twitter желісінен алынды.
Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың сотына келген адамдар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. Фото Twitter желісінен алынды.

«Халық майданы» қозғалысының өкілі Серік Сапарғали екі бап (164, 170-баптар) бойынша («әлеуметтiк араздықты қоздыру», «ҚР Конституциялық құрылымын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру») айыпталып отыр.

Ақпарат бойынша, қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовке де осындай сипаттағы үш бап бойынша айып тағылып отыр.

Владимир Козлов пен Серік Сапарғали қаңтар айында Алматыдағы ҰҚК-нің тергеу абақтысына қамалып, мамыр айында олар этаппен Ақтауға жеткізілді. Козловтың жақтастары бұл қылмыстық істің саяси астары барын айтады.

Тамыздың 15-і күні АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блэйк «АҚШ оппозициялық саясаткер Владимир Козловтың ісін жіті бақылауда ұстайды» деді.

Human Rights Watch (Хьюман Райтс Вотч) халықаралық құқық қорғау ұйымы "Қазақстан билігі бұл соттың әділ және жария өтуін, ал айыпталушылардың процессуальдық құқығы толық қорғалуын қамтамасыз етуі керек" екенін ескертті.

"Сот барысында әділ соттың халықаралық стандарттары, оның ішінде адамның өзіне қарсы куәлік бермеу, айғаққа байланысты дауласу, айыптаушы тараптың куәгеріне сұрақ қою сияқты құқықтары да сақталуы керек" деп мәлімдеді ұйым.

TWITTER-ДЕГІ «СОҒЫС»

Ақтаудағы сотқа барған билік және оппозициялық блогшылардың үлес салмағы теңесті. Бүгін Аралбай Нағашыбаев қорғаушы жақтың өтінішімен судьяны
Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің сотындағы бақылаушылар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің сотындағы бақылаушылар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
ауыстыру туралы шешім шығарғанша Twitter-де «соғыс» басталып, екі жақ бір-біріне қарсы пікірлерді қарша боратты.

Процесті бақылап отырған Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова бұл жайында Twitter-де: «Залда соттың заңды өтіп жатқанын айтып жатқан тек прокурор сөздерін твиттеп жатқан билікшіл блогшылар бар» десе, журналист Лұқпан Ахмедьяров «Ақорда Ақтауға іссапарға блогшылардың тұтастай батальонын жіберген екен. Балалар түкірікке шашала, Козловқа қарсы тролльдап жатыр» деп жазды.

«Жасотандық» шенеунік Нұрлан Өтешов «билікшіл блогшыларға» қатысты айтылған сындарға қарсы тұрып, пікірталастан сырт қалмады. «Тролльдеп», адамдардың жүйкесіне тиіп жатыр. Өкпелілер және жылауықтармен жақсы энергияммен бөлісіп отырмын» деп жазды.

Ал тәуелсіз журналист Artur Nigmetov «Билікшіл, оппозициялық блогшылар шындықты айтып отырған жоқ. Көрпені әркім өзіне тартып отыр» деп жазды.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG