Accessibility links

Пастор Вячеслав Ли депортацияланды


Шіркеуде отырған адамдар. (Көрнекі сурет)
Шіркеуде отырған адамдар. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда сегіз жыл заңды тұрған протестант пасторы әкімшілік заң бұзғаны үшін депортацияланды. Сарапшылардың айтуынша, мемлекет қолдайтын ислам мен православие ағымдарынан басқа діни ұйымдарға қысым күшейіп келеді.

Қазақстанда сегіз жыл заңды тұрған Вячеслав Ли сол жылдары «сегіз рет әкімшілік заң бұзған» деген айыппен депортацияланды. Оның әйелі, бала-шағасы – Қазақстан азаматтары.

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис Forum 18 ұйымының өкілдеріне «Пасторды елден шығарып жіберу үшін әкімшілік заң бұзушылық сылтау ретінде пайдаланылды. Бұл – «қылмысына қарай жазасы» деген принципті бұзу» деп мәлімдеді.

Бас кеңсесі Норвегияда орналасқан, дін еркіндігін қорғаумен айналысатын Forum 18 ұйымы кейбір сот материалдарымен танысқан. Бұл құжаттарға қарағанда, 34 жастағы Вячеслав Ли Бурабайдағы «Грейс» деген протестанттық шіркеу қауымын басқарған. 2005 жылдың наурызында Орталық Азияның басқа аймағынан Қазақстанға қоныс аударған пастордың қолында мерзімі 2020 жылға дейін жарамды ықтиярхаты болған.

«КӘСІБИ ӘККІЛІКПЕН ПАЙДАЛАНДЫ»

Вячеслав Лидің әйелі Ботаның пікірінше, депортациялауға заңды негіз «кәсіби әккілікпен пайдаланылған».

– Олар депортациялауға күйеуімнің діни қызметі себеп болғанын көрсеткісі келмейді, – дейді Бота.

Пасторға жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін төрт рет, Қазақстан билігіне ескертпей шетелге сапарға шыққаны үшін екі рет, салық салуға қатысты бір рет –
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 26 наурыз 2013 жыл.
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 26 наурыз 2013 жыл.
барлығы сегіз рет әкімшілік заң бұзды деген айып тағылған. Шіркеу басшысы ретінде оған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін де айыппұл салынған. Ол қарсы шағым бермей, салынған айыппұлдарды төлеген.

Forum 18 ұйымының «Заңды резидентті депортациялауға пастордың әкімшілік заңдарды бұзғаны себеп болды ма, әлде бұл шешімнің қабылдануына оның діни қызметі ықпал етті ме? Жазасы айыбына сай ма?» деген сұрағына сот та, полиция да «бәрі заңға сәйкес жасалды» деп жауап берген.

Евгений Жовтистің пікірінше, «бұл – әдеттегі діни іс» және «жол қозғалысы ережесін бұзып, айыппұл төлегендердің бәрін депортациялай берсе, Қазақстанда шетелдік қалмас еді».

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНЕН ҚАУІПТЕНУ МЕ?

Forum 18 ұйымы осы сияқты бірнеше оқиғаны сипаттайды. Мысалы, тамыз айының ортасында «заңсыз миссионерлікпен айналысты» деген айыппен тіркеудегі діни қауымның басшысы, баптистердің пасторы депортацияланған. Бұл оқиғаның алдында «миссионер» ретінде тіркеуге тұрмай, мешітінде діни
Құрбан айт кезінде мешітте отырған адамдар. Алматы, 26 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Құрбан айт кезінде мешітте отырған адамдар. Алматы, 26 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
құлшылық жасағаны үшін мұсылман адамға айыппұл салып, оны Орталық Азиядағы еліне қайтарған.

Қазақстандағы дін істері агенттігі өткен жылдың аяғында елдегі діни бірлестіктердің санын қысқарту жөніндегі шараларды қолдана бастағаннан бері мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Бұрын хабарланғандай, қайта тіркеу процесі аяқталған соң елдегі діни бірлестіктердің үштен бірі қысқарған.

Қазақстанды АҚШ-тың халықаралық дін еркіндігі жөніндегі комиссиясы мен Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар мен адам құқығы кеңсесі сияқты ұйымдар «діни салада қысымды күшейтті» деп сынаған.

Ел тарихында тұңғыш рет 2011 жылдың мамыр айында «жанкешті терроршының шабуылынан кейін діни экстремизмнің таралу қаупінен сақтану мақсатында қысым күшейді» деп хабарланған еді. Алайда кейбір сарапшылардың айтуынша, бұл қауіп мемлекет қолдайтын ислам немесе орыс православиесінен басқа кез келген дінге қатысты күдікке ұласып отыр.

ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ҚЫСЫМДАР

Көрші Қырғызстанда да осындай жағдай байқалады.

Лондондағы саяси ұйым, барлық мұсылман елдерін бір ислам халифатына біріктіруді көздейтін «Хизб-ут-Тахрир» тобына қарсы бұрыннан келе жатқан әрекеттер мысалға келтіріледі. Ұйым «зорлық-зомбылық пен терроризмді қолдамаймыз» деп мәлімдегенімен, оның қызметіне бұрынғы СССР елдерінің көбінде тыйым салынған.

Жуырда Қырғызстанның оңтүстігіндегі Нарын қаласының соты «діни өшпенділікті қоздырды және экстремистік материалдарды таратты» деген айыппен осы топтың жергілікті басшыларының бірі, 37 жастағы Бақыт Жұмаділовті қатаң тәртіптегі түрмеге 7 жылға кесті. Қазіргі кезде елдің оңтүстігіне ығыстырылған топтың белсенді үш мүшесі бұдан ертерек қамауға алынды.

Қырғызстан ғана емес, бүкіл аймақта қуғынға ұшыраған топтың бірі – «Иегова куәгерлері» ұйымы. Биылдың өзінде «қауым мемлекеттік тіркеуден өтпей, заңсыз
"Иегова куәгерлері" ұйымының ғимараты. (Көрнекі сурет)
"Иегова куәгерлері" ұйымының ғимараты. (Көрнекі сурет)
жиналыс өткізді» деген уәжбен қауымның сегіз қауымын полиция мен қауіпсіздік қызметі тексерді. Қауым мүшелерінің бірі Forum 18 ұйымына «бұл – сандырақ, өйткені қауым бірнеше мәрте тіркеуден өтуге тырысқанымен, тіркеле алмады» деп шағымданған.

«Басқа діндерге деген өшпенділікті қоздыратын мазмұндағы материалдар таратады, мүшелері белсенді үгіт жүргізеді және намазды арнайы бөлінген орында оқымай, жеке меншік үйлерге жиналып оқиды» деген айыппен бұл топтың қызметіне 2007 жылы Тәжікстанда да тыйым салынған. Мормондардың қызметіне де тыйым салынып, баптистердің бірнеше шіркеуі жабылған.

Қырғызстан билігі заңсыз миссионерлік және діни үгіт жүргізгені үшін әкімшілік жазаны күшейтуді, діни мекемелерге пітір-садақа жинағаны үшін, діншілдерге бір діннен екіншісіне ауысқан айыппұл салуды ұсынады. Билік балабақша, мектеп, университеттерде уағыз оқуға да тыйым салуды ұсынады.

Мақаланы әзірлеуге Дэн Вишневски мен Анна Клевцова қатысты.
XS
SM
MD
LG