Назарбаев пен Путинге сәлемдеме
Азаматтық белсенділер Мұхтар Тайжан мен Ғалым Ағелеуов Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тарих оқулығы салынған бандерольдер жолдады. Өткен аптада Путин «қазақтардың ешқашан мемлекеттілігі болмаған» деп мәлімдеген. Мұндай сөзді бұрындары Назарбаев та айтқан. Ол 2011 жылы: «Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекеті болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ» деген. Азаматтық белсенділер мемлекет басшыларының бұл пікірлерімен келіспейді. Алматы, 4 қыркүйек 2014 жыл. (Видео авторы - Ғалым Ағелеуов).