Астанадағы мектептердің бірінің оқушыларының әке-шешелері ол мекемеде бала көптігін, орын тарлығын айтып наразы болды. Елдегі білім нысандарының құрылысына арналған бүгінгі үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мектептердің уақытында тапсырылмай жатқанын сынады.