Accessibility links

Адвокат Омароваға халықаралық сыйлық табысталды


Адвокат Айман Омарова мен Меланья Трамп "Халықаралық батыл әйелдер (International Women of Courage Awards-2018) сыйлығын табыстау рәсімінде. Вашингтон. 23 наурыз 2018 жыл.
Адвокат Айман Омарова мен Меланья Трамп "Халықаралық батыл әйелдер (International Women of Courage Awards-2018) сыйлығын табыстау рәсімінде. Вашингтон. 23 наурыз 2018 жыл.

23 наурызда Вашингтонда (АҚШ) "Халықаралық батыл әйелдер"(International Women of Courage Awards-2018) сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Сыйлықты алғандар қатарында қазақстандық адвокат Айман Омарова да бар. Арнайы марапатты АҚШ бірінші ханымы Меланья Трамп тапсырды.

Омаровадан бөлек бұл сыйлықты биыл Мавритания, Руанда, Косово, Таиланд, Ирак, Ауғанстан, Гондурас, Италия елінің әйелдері алады.

"Халықаралық батыл әйелдер" cыйлығының иегерлері. Вашингтон. 23 наурыз 2018 жыл.
"Халықаралық батыл әйелдер" cыйлығының иегерлері. Вашингтон. 23 наурыз 2018 жыл.

Айман Омарова (Умарова болып та жазылады - ред.) Айман Омарова Қазақстанның Жамбыл облысында туған. Ол әйелдер мен балалардың сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырауы сияқты ауыр қылмыстық істер бойынша маманданған. Омарова саяси себеппен түрмеге қамалған адамдардың да құқықтарын қорғайды. Ол әйел және бала зорлау, түрмеде қысым жасау істері бойынша көптеген істе қорғаушы болған. Қазақстандағы #НеМолчи.KZ қозғалысын құрған.

Айман Омарова: "Зорлыққа көндігуге болмайды"

Бұл сыйлық 2007 жылдан бері кәсібін атқара жүріп, қайраткер ретінде танылған әйелдерге беріледі.​

"Халықаралық батыл әйелдер" сыйлығын бұған дейін Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отынбаева, ресейлік қоғамдық белсенді Вероника Марченко, ресейлік журналист Елена Милашина, грузиялық құқық қорғаушы Русудан Гоциридзе, ресейлік белсенді Жанна Немцова, тәжікстандық белсенді Оинихул Бобоназарова алған.

XS
SM
MD
LG