Accessibility links

Белсенді Ардақ Әшімнің қызы тергеушіні сотқа берді


Айнұр Әшімнің арызы бойынша сотқа келген туыстары мен белсенділер. Шымкент, 10 сәуір 2018 жыл.
Айнұр Әшімнің арызы бойынша сотқа келген туыстары мен белсенділер. Шымкент, 10 сәуір 2018 жыл.

10 сәуір күні Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты жүйке аурулары ауруханасына мәжбүрлеп жатқызылған шымкенттік белсенді Ардақ Әшімнің қызы Айнұр Әшімованың тергеуші Бақытжан Сыздықовтың үстінен түсірген арызды қарай бастады.

Сот отырысына қатысу үшін оннан аса азаматтық белсенді мен Ардақ Әшімнің туыстары келгенімен судья оларды отырысқа кіргізбеді. Жабық сот отырысына арызданушы Айнұр Әшімова, тергеуші Бақытжан Сыздықов, прокурор және судья қатысты.

Айнұр Әшімованың айтуынша, тергеуші Бақытжан Сыздықов Абай аудандық сотында өткен отырыста анасы Ардақ Әшімнің құқығын бұзып, оның заңды күйеуі мен қызы бар екенін біле тұра жақындығы жоқ Багира Тайырбекованы қорғаушы өкіл ретінде қатыстырған.

- Әл-Фараби аудандық сотына тергеушінің менің және туыстарымның құқығын қасақана өрескел бұзғаны үшін арыздандық, - дейді ол.

Сот отырысы 12 сәуірде жалғасады. Сот отырысы аяқталғанша белсенділер мен Ардақ Әшімнің туыстары сот ғимаратындағы күту залында отырды.

Ардақ Әшім наурыздың 31-і күні Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне тергеу ісі бойынша жауап беруге шақыртумен барған кезде жүйке аурулары диспансеріне еркінен тыс жатқызылған. Абай аудандық соты Ардақ Әшімді жүйке аурулары диспансеріне жатқызу туралы қайлыны 27 наурызда шағырған. Белсендінің туыстары сот шешіміне апелляциялық шағым түсірген.

XS
SM
MD
LG