Accessibility links

Парламент Ауғанстанға жүк тасымалдау келісімін мақұлдады


Парламент сенаты (Көрнеукі сурет).
Парламент сенаты (Көрнеукі сурет).

Қазақстан парламентінің сенаты Ауғанстанда тұрақтылық орнату және қалпына келтіруге қатысты Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы Қазақстан аумағы арқылы теміржол арқылы коммерциялық транзиттік жүк тасымалдау туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы мақұлдады.

Сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің тұжырымында хаттамада Ақтау және Құрық порттарын арнайы жүк транзиті маршрутына қосу қарастырылғаны айтылады. Бұл маршрут Әзербайжан аумағынан Каспий теңізі арқылы Қазақстанның Ақтау және Құрық порттарына, одан ары теміржолмен Өзбекстан арқылы Ауғанстанға және одан кері бағытта жүк тасымалдауға мүмкіндік бермек.


Комитет АҚШ бұл маршрутты "балама маршрут" деп қарастырып отырғанын айтады.

Хаттамаға 2017 жылы 21 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылған.

XS
SM
MD
LG