Accessibility links

Блогер "ҚДТ жұмысына араласпау" туралы ескерту алды


Оралдағы 10 мамырда өткен рұқсат етілмеген митинг.
Оралдағы 10 мамырда өткен рұқсат етілмеген митинг.

19 маусымда Оралда Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті видеоблогер Асқар Шайғұмаровты полицияға шақырды. Департамент өкілдері блогерге Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылып, тыйым салынған "Қазақстан демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының жұмысына араласпау туралы ескерту жасаған.

19 маусым күні түске дейін Ішкі істер департаментіне жергілікті "Уральская неделья" басылымының шығарушысы Тамара Еслямова мен басылымның редакторы Рауль Упоров шақырылған. Полиция оларға "Уральская неделья" басылымының YouTube каналындағы видеоға "Жан Байжанов" деген қолданушының "митингіге шақырған" комментариіне байланысты тергеу басталғанын айтқан. Осы күні Азаттықтың Оралдағы меншікті тілшісін де полиция бөлімшеде тергеген.

Рауль Упоров.
Рауль Упоров.

​"Уральская неделья" басылымының редакторы Лұқпан Ахмедьяров түстен кейін өзін және тілші Мария Мельникованы да полиция тергеуге шақырғанын хабарлады.

18 маусымда жергілікті белсенділер Мақсат Айсауытов, Әлібек Ерғазиев пен Мақсот Көбеев те тергеуге шақырылып, ескерту жасалған. Олар 10 мамырда рұқсатсыз қарсылық акциясын өткізгені үшін бес тәулікке қамалған.

Биыл 13 наурызда Астананың Есіл аудандық соты тіркелмеген ҚДТ-ны экстремистік ұйым деп танып, ел аумағында жұмыс істеуіне тыйым салған. ҚДТ-ны бұрынғы банкир, 2009 жылдан бері шетелде тұратын Мұхтар Әблязов құрған.

Оқи отырыңыз: Астаналық заңгер ҚДТ-ға тыйым салумен келіспейді

Қазақстан Бас прокуратурасы азаматтарды тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысы үндеген 23 маусымдағы қарсылық митингісіне шықпауға шақырған.

Қазақстан заңдары бойынша, әлеуметтік желілер БАҚ деп танылады және ондағы материалдар БАҚ өнімі деп саналады.

AzatNews 19.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:13:38 0:00

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG