АҚШ прокурорлары америкалық консерватор саясаткерлермен, топтармен "байланысы бар" әйелді тұтқындады. Ол Ресей үкіметінің "құпия агенті" деп күдіктеліп отыр.
16 шілде күні Вашингтон сотының прокурорлары жариялаған хабарламада 29 жастағы Мария Бутина "америкалық саясаткерлердің көңілін көтеріп, тығыз қатынаста болған. Осы арқылы АҚШ-тың Ұлттық атқыштар қауымдастығын, қару-жараққа мүдделі ірі ұйымдарды іштей білуге тырысқан. Жұмысы жайлы Мәскеудегі шенеуніктерге есеп беріп отырған" деп жазылған.
АҚШ мемлекеттік айыптаушылары Бутина "2015 жылы жазған электронды хатында қару-жарақ қауымдастығын АҚШ-тағы конгресс сайлауының "ірі қолдаушысы" деп бағалағанын, Ресей осы қауымдастықпен байланыс орнатуы керек" деп жазғанын" айтады.
"Қару ұстау еркі" құқық қорғау ұйымының негізін салған Бутина ісі Хельсинкиде Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуінен соң белгілі болды.
Прокурорлар Бутинаның әрекетін "АҚШ саясатында Ресей мүддесінің ескеріліп отыруына әрекет етті, оның ішінде 2014 жылы салынған санкцияларды жұмсартуға күш салды" деп сипаттайды.
FreedomFest ұйымының YouTube каналына жүктеген видеосында Бутина Лас-Вегастағы жиын кезінде – 2015 жылдың шілдесінде Трамптан "Президент болып сайлансаңыз, Ресейге қатысты санкция саясатын жалғастырасыз ба?" деп сұраған.
ПІКІРЛЕР