Accessibility links

Назарбаев "қылмыстық заңнаманы ізгілендіретін" заңға қол қойды


Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "қылмыстық-процессуалдық заңнаманы жетілдіру үшін енгізілген өзгерістер" заң жобасына қол қойды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда таратқан хабарламада "Назарбаев қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық заңнамалар мен құқық қорғау органдарының және арнайы мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгеріс енгізу туралы» заңға қол қойды" деп жазылған.

Оқи отырыңыз: "Бірнеше мың сотталушы түрмеден босайды"

Заң жобасын парламенті 21 маусымда қабылдаған. Сенаттың профильді комитеті заң жобасы "қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге, қылмыстық процесте заң сақталуының кепіл болуына, сондай-ақ ішкі істер органдары мен құқық қорғау органдарының жұмыс жүйесін жетілдіруге" бағытталғанын айтқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG