Accessibility links

Алматыда полиция адамдарды ұстады


Еуропарламент өкілімен сұхбат
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:11 0:00

Еуропарламент өкілімен сұхбат. 18 қыркүйек 2018 жыл.

18 қыркүйекте Алматыдағы Rixos қонақ үйінің маңында полиция адамдарды ұстаған. Ұстау Еуропарламент делегациясының белсенділермен кездесуі басталар алдында болған. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қонақ үй маңына бірнеше полиция машинасы келген. Полиция қонақ үй маңында түрған әйел адамды ұстап әкеткен.

Қазақстанға келген Еуропарламент мүшесі Ана Гомеш Twitter парақшасында жариялаған видеода полиция мен бірнеше адамның жерде жатқан әйелдің жанында тұрғанын көруге болады.

Азаттық тілшісі полицияның бір ер адамды да ұстап әкеткенін байқаған. Ер адам Азаттық тілшісіне "қонақ үй маңынан жай өтіп бара жатқанын, ешқандай кездесуге келмегенін" айтқан.

Делегация жетекшісі Кристиан Преда Азаттыққа "істі болып жатқан Әсет Нұржаубайдың анасы Ғалия Оспанова ұсталғанын" айтқан. Преданың сөзінше, Оспановамен қысқа ғана сөйлесіп үлгерген. Делегация мүшелері полицияның әрекетін "ақылға сыймайды" деп, ұстауларға қатысты түсінік алуға тырысқан.

Еуропарламент делегациясы Қазақстанға 17 қыркүйекте келген. Еурокомиссияның Қазақстандағы өкілдігінің сайтындағы хабарламада "депутаттар Астана және Алматыда Қазақстан парламентінің мүшелерінмен, сыртқы істер министрлігі мен қоғамдық даму министрлігінің өкілдерімен, прокуратурамен, ғылыми және сараптама орталықтарының өкілдерімен кездесу өткізуді жоспарлайды" деп жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG