Accessibility links

Оралда "Уральская неделя" газетінің екі журналисін полиция ұстаған


Орал қаласында шығатын "Уральская неделя" газетінің журналисі Рауль Упоров.
Орал қаласында шығатын "Уральская неделя" газетінің журналисі Рауль Упоров.

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында шығатын "Уральская неделя" газетінің журналистері Рауль Упоров пен Мария Мельникованы желтоқсанның 16-сы күні таңертең полиция ұстаған. Бұл туралы сөз бостандығын қорғаушы "Әділ сөз" қоғамдық ұйымы хабарлады.

"Раульді Қылмысты кодекстің 405-бабымен (Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу) қозғалған істің тергеу амалдарын жүргізу деген желеумен полицияға апарған. Марияны не үшін ұстағаны белгісіз" делінген құқыққорғау ұйымы таратқан ақпаратта.


"Әділ сөз" ұйымы бұған қоса "Уральская неделя" газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедияров пен басылымды шығарушы Тамара Есләмованың үйлерінің алдында жексенбі күні таңертеңнен полиция қызметкерлері тұрғанын хабарлаған.

Лұқпан Ахмедияров Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бүгін Орал қаласының орталық алаңында "полиция әлдебір шара өткізіп жатқанға ұқсайды" деп жазған.

Оралдық журналистер Рауль Упоров пен Мария Мельникованы ұстау себебін жергілікті полициядан анықтау мүмкін болмады.

Бұған дейін желтоқсанның 16-сы күні Алматы қаласында полиция жергілікті бірнеше азаматтық белсендіні ұстаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG