Сауд Арабиясы АҚШ Сенатының "ханзада Мұхаммед бин Салман Жамал Хашоггидің өліміне қатысы бар" деген тұжырымын жоққа шығарды. Елдің сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде солай деп жазылған.
Министрлік мәлімдемесінде АҚШ Сенатының резолюциясын айыптап, "дәлелсіз тұжырым жасауын" сынаған. Бұған қоса, мәлімдеме авторлары Сауд Арабиясының аймақтағы АҚШ-тың басты одақтасы екенін алға тартып, Эр-Риядтың Иран саясатына төтеп беруде де көмегін еске салып, атап өткен. Министрлік Вашионгтон мен Эр-Риядтың соңғы кездегі қиындықтарды аман-есен еңсере алатынына үміттенеді.
14 желтоқсанда АҚШ Сенаты Сауд Арабиясының оппозициялық журналисі Жамал Хашоггидің өліміне тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманды кінәлайтын қарар қабылдаған.
Сауд Арабияның оппозициялық журналисі Жамал Хашогги 2 қазанда Стамбулдағы Сауд Арабиясы консулдығына кіріп, ұшты-күйлі жоғалған.
Оқи отырыңыз: Хашогги өлімінен соң ханзада Салман тақтан айырылуы мүмкін
Бірнеше аптадан соң Эр-Рияд Хашоггиге консулдықта қастандық жасалғанын, журналистің өлгенін хабарлады. Прокуратура оның өліміне қатысы бар деп 15 адамға айып тағылғанын мәлімдеді. АҚШ Сенаты және Еуроодақтың бірқатар мүшелері журналистің өліміне Сауд Арабиядағы тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның қатысы бар деп есептейді.
ПІКІРЛЕР