Accessibility links

Шалқарда мектеп оқушысы ауыр жарақатпен ауруханаға түскен


Шалқар қаласының теміржол торабы. Ақтөбе облысы, 28 қаңтар 2018 жыл. Көрнекі сурет.
Шалқар қаласының теміржол торабы. Ақтөбе облысы, 28 қаңтар 2018 жыл. Көрнекі сурет.

Кеше, қаңтардың 27-сіне кешке қарай Шалқар аудандық ауруханасына 2004 жылы туған оқушы ауыр жарақатпен түскен. Бұл ақпаратты Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратты.

Ақпаратқа қарағанда, пышақталып, іш құрылысы қатты зақымданған оқушыға Ақтөбе қаласының дәрігерлері санавиациямен барып, операция жасаған.

Оқиғадан бұрын, Шалқардағы Әліби Жангелдин атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасында жоспарлы тәрбие шарасы өткізілген. Ауыр жарақаттанған Еркебұлан Дәрібаев осы мектептің 9 сынып оқушысы. Шарадан шыққан оқушылар Ақорда мейрамханасының артқы жағындағы теміржол маңында № 2 мектеп гимназияның 9-10 сынып оқушыларымен кездесіп, жанжалдасқан.

Атөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова Шалқарда мектеп оқушыларының жанжалдасқанын растады. Оның айтуынша, №2 мектептің 6 оқушысы тергеуге алынған. Полиция әзірге ақпарат берген жоқ.

Осыдан бір жыл бұрын, 2019 жылы 28 қаңтарда Ақтөбе облысының Шалқар қаласындағы мұз айдынында пышақталып қаза тапқан жасөспірім, Ыдырыс Үргенішбаев атындағы орта мектеп оқуышысы Мирасбек Дәулетияр жерленген еді. Осы оқиға кезінде жергілікті білім бөлімінің мамандары Шалқар мектептері оқушыларының арасында ықшам аудандарға қарай топтасып, жанжалдасатын сәттер жиі кездесетінін айтқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG