5 наурызда Алматы облысы Есік қаласында жер үй өртеніп, үш сәби қаза болды деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары. Бұл ақпаратты Алматы облыстық төтенше жағдай департаменті мен облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі де растады.
Өрт кезінде балалардың ата-анасы үйде болмаған. Балалардың жанында әжесі болған.
Ақпарат бойынша, аудандық көпсалалы ауруханаға 68 жастағы тұрғын жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалайды.
Өрт сөндіру қызметіне үйдің өртенгені туралы хабарлама таңғы сағат 4:00 шамасында түскен. Бір сағаттан кейін өрт сөндірілген. Әзірге толық емес ақпарат бойынша электр желілерінің күюі салдарынан өрт шыққан.
Бұл шамамен соңғы бір ай ішінде болып отырған екінші оқиға. 3 ақпанда Алматы облысы Өстемір ауылында жер үйде шыққан өрттен екі бала қаза болған. Ата-анасы ол кезде үйде болмаған: әкесі қалаға жұмыс іздеуге, ал анасы ұлы мен қызын сыртынан жауып, дүкенге кеткен.
ПІКІРЛЕР