Accessibility links

Тәжікстан билігі "коронавирус жоқ" дейді, сыншылар күмән келтіреді


Душанбедегі қоғамдық көлік және жолаушылар. 26 наурыз 2020 жыл.
Душанбедегі қоғамдық көлік және жолаушылар. 26 наурыз 2020 жыл.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Тәжікстандағы өкілдігінің жетекшісі Галина Перфилеева Тәжікстанда коронавирус табылған жоқ деп мәлімдеді. Оның айтуынша, 700 адам коронавирус тестінен өткен, бірақ ешқайсысынан вирус табылмаған.

Тәжікстан билігі елде коронавирус жоқ деумен келеді. Алайда кейбір сыншылар Қытаймен шекарадағы аумақта тұратын адамдардан коронавирус табылғанын және олардың саны барған сайын артып, вируспен байланысты өлім-жітім көбейгенін айтады. Олардың пікірінше, ресми түрде коронавирус тіркелмеді деп айтылғанмен елде коронавирус мүлде жоқ деп айтуға келмейді. Мұнда билік карантин жарияламай, қоғамдық шараларға тыйым салған жоқ. Жақында мыңдаған тәжік мигранты шетелден оралды. Мәселе тек тестпен байланысты болуы мүмкін.

Сыншылардың айтуынша, үкіметтің ашықтық мәселесі де түрлі сұрақтарға жетелейді: премьер-министр Кохир Расулзода жетекшілігімен өткен дағдарыс тобының күнделікті жиыны жабық жағдайда өтіп, онда не талқыланғаны мүлде айтылмады.

31 наурызда Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай тәжік билігі журналистерге елдегі коронавирус туралы хабар таратуға кедергі келтірді деп сынаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG