Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 24 маусымда Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев және Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Осылай деп Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Онда Ауғанстандағы жағдай сөз болған.
Ауғанстандағы Талибан қозғылысы Тәжікстанмен шекаралас Құндыз қаласына қарай жақындады және тәжік аумағымен байланыстыратын көпірді бақылауға алған.
Көтерілісшілер соңғы аптада бірнеше ауданды басып алды. 22 маусымда тәлібтер Тәжікстанмен негізгі шекара өткелі - Құндыз орталығынан 50 шақырым жердегі Шерхан Бандарды иеленді.
Тәжікстан мен Өзбекстан Ауғанстанда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірлесіп әрекет етуге келісті.
Эмомали Рахмон мен Қасым-Жомарт Тоқаев та Ауғанстандағы әскери-саяси ахуалды талқылаған.
Тараптар бұл өлкенің солтүстік, солтүстік-шығыс аудандарында жағдайдың күрделеніп кеткеніне алаңдаушылық білдірген.
Рахмон мен Тоқаев екі тарапты және көп тарапты бағытты байланысты нығайта берудің маңызды екенін атап өткен.
ПІКІРЛЕР